Жолдар жаңғыртылып, жылжымалы құрам жаңаруда

Жаңалықтар
23.11.2023, 12:57
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстанда магистральдық желілерді модернизациялау бойынша жұмыс қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайыловтың қатысуымен өткен Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті. Отырысқа «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев та қатысып, соңынан өткен баспасөз конференциясында журналистер сұрақтарына жауап берді.  

Бүгінде Қазақстандағы магистральдық жолдардың жалпы ұзындығы 16 мың шақырымды құрайды, оның тек 5 мың шақырымы екі жолды, 4 мың 200 шақырымы электрлендірілген. Желінің тозу деңгейі – 57%. Үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету және магистральдық теміржол желілерінің қуатын арттыру үшін биыл ұзындығы 567 шақырым учаскеде күрделі жөндеу жүргізілді.

Көлік министрінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта теміржол көлігі экономиканың экспорттық бағыттағы қажеттіліктерін толық көлемде қамтамасыз етіп отыр. Жыл басынан бері экспорттық тасымалдау 70 млн 700 мың тоннаны құрап, 8,5%-ға өсті. Жолаушы тасымалы 2,5%-ға артып, 16 млн 600 мың жолаушыны құрады. Контейнерлік тасымалдың 2022 жылғы көрсеткіші 2020 жылмен салыстырғанда 29%-ға артып, биылғы өсу қарқыны 15% деңгейінде сақталып отыр.  

Транзиттік жүктердің негізгі бағыттары – Қытай мен Ресей. Ресейден келетін жүктер дәстүрлі транзиттің 50%-дан астам көлемін алады. Дегенмен соңғы жылдары Қытайдан Еуропа және көршілес елдерге Қазақстан арқылы жөнелтілетін транзиттік жүк көлемі едәуір артып, Қытайдың Қазақстандық транзиттік тасымалдаудағы үлесі 27%-ға дейін ұлғайды. Ол тиісінше 6 млн 200 мың тоннаға тең.

 – Біздің негізгі міндетіміз – трансқазақстандық бағыттардың тартымдылығын арттырып, халықаралық транзиттің қажеттілігін тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету. 2029 жылға дейін саланың одан әрі дамуын ескере отырып, бірнеше бағыттар бойынша жұмыс жоспарланып отыр, атап айтқанда шекаралық пункттерді, магистральдық теміржол желілерін дамыту, оның ішінде жаңа және екінші жолдар салу, тораптық станцияларды жаңғырту, магистральдық желіні күрделі жөндеу және автоблоктауды енгізу, жылжымалы құраммен, яғни локомотив және жүк вагондарымен қамтамасыз ету, тарифтік саясатты жетілдіру, жолаушылар вагондарын жаңарту. Сонда 2029 жылға қарай транзиттік тасымалдарды 35 млн тоннаға дейін, оның ішінде контейнерлік транзитті 2 млн жиырма футтық эквивалентке дейін жеткізуге мүмкіндік туады, – деді М. Қарабаев.

Қазіргі уақытта локомотив паркінің жалпы саны 1 880 бірлікті құрайды. Парктің тозу деңгейін төмендету мақсатында биыл 133 локомотив сатып алынған. Олар – отандық локомотив және электровоз құрастыру зауыттарының өнімі. Жалпы 2025 жылға дейін 500-ден астам локомотив сатып алу жоспарда бар. Бұл жылжымалы құрам паркіндегі тапшылықты жоюға тиіс.    

Бүгінде өңірлер арасында 66 маршрутпен жолаушылар пойызы қатынайды. Оларға 13 тасымалдаушы қызмет көрсетеді. Жолаушы вагондарының паркі 2600 бірлікке жуық. Тасымалдауға сұраныс өскен кездерде шамамен 300 вагонға дейін  тапшылық байқалады екен.

– Жолаушы тасымалы үшін биыл 162 жаңа вагон сатып алынды. 76 вагон пайдалануға берілді, тағы 24 вагон жылдың соңына дейін берілетін болады. Ал келесі жылдың бірінші жартыжылдығында қалған 62 вагон жеткізіледі. Жалпы 2029 жылға дейін отандық зауыттардан 844 бірлік жолаушылар вагонын сатып алу жоспарланып отыр. Оның ішінде «ЗИКСТО» зауытымен 307 бірлік және «Штадлер Қазақстан» компаниясымен 537 бірлік жолаушылар вагонын сатып алуға келісімшарт жасалуда. ЗИКСТО вагондары 2025 жылға дейін жеткізіледі. Штадлер компаниясының вагондарын пайдалануға беру 2025-2029 жылдар аралығында жүзеге асырылады. Аталған өндіріс орындары локализациялау деңгейін жылдан жылға арттырып, ең кемінде 35%-ға дейін жеткізетін болады, – деп атап өтті ведомство басшысы.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев журналистер сауалына орай теміржолдағы тариф мәселесінен мәлімет берді. Оның айтуынша, ҚТЖ тарифтері – ТМД бойынша ең төмен.  

– Компанияның қаржылық жағдайы реттелетін теміржол тарифтерінің деңгейіне байланысты. Бүгінгі таңда ҚТЖ тарифтері ТМД кеңістігіндегі ең төменгі тарифтердің бірі. Қолданыстағы тарифтер қызмет көрсетуге байланысты барлық шығындарды өтеуге мүмкіндік бермейді, инфрақұрылымды қолдау және дамыту, локомотив паркі мен жылжымалы құрамды уақытылы жаңарту, ақпараттық жүйелерді жаңғырту үшін жеткіліксіз, – деді Компания басшысы.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады