Атырауда вагон шығаратын зауыт салынады

Жаңалықтар
15.12.2023, 10:34
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Атырауда темір жол вагондарын шығаратын зауыт салынбақшы. Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шапкенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялыр қызметі алаңында мәлімдеді.

Облыс басшысының айтуынша, болашақта өңірде жүзеге асырылатын ірі инвестициялық жобалардың бірі – теміржол вагондарын шығаратын зауыт салу. Жоба құны 76 млрд теңгені құрайды, жүзеге асырушы – «ТексолТранс» ЖШС. Ол компания мұнай-газ саласына қызмет көрсетеді және вагондарды жөндеумен айналысады, сол бағытта жұмысын жалғастыра береді. Ал жаңа жобаның ауқымдылығы орасан, қуаттылығы – жылына 6 мың вагон шығару. Жобаны жүзеге асыру аясында 1700 адам жұмыспен қамтылатыны да жағымды жаңалық болмақ. Жобаны іске асыру мерзімі – 2024- 2026 жылдар аралығы. 

Атырау темір жолының бастығы Аслан Базарғалиевтің айтуынша, зауытта әуелі жартылай вагондар мен платформалар шығарылады деп жобаланған. Толық қуатына көшіп, өндіріс игерілген соң цистерналар да шығарыла бастайды. Зауыт қаладан 5 шақырым жердегі Махамбет станциясы маңында салынады деп жоспарлануда. Қазіргі уақытта құжаттамаларын дайындау жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті