Констанца портында Қазақстан-Румыния көлік-логистикалық бизнес-форумы өтті

Жаңалықтар
01.02.2024, 14:08

Көлік министрі Марат Қарабаев бастаған қазақстандық делегация Румынияға сапары аясында Констанца портындағы көлік-логистикалық бизнес-форумға және халықаралық автомобиль тасымалдары жөніндегі бірлескен комиссияның отырысына қатысты. Аталған форум аясында Румынияның бизнес өкілдерімен В2В форматында кездесулер өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шараларға Қазақстан тарапынан вице-министр Талғат Ластаев, теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Олжас Сапарбеков, KTZ Express АҚ, «Ақтау теңіз сауда порты» ҰК, «Транскаспий халықаралық көлік маршрутының» халықаралық қауымдастығы, Semurg Invest, Dar Rail және PTC Holding ЖШС басшылығының өкілдері қатысты.

Форумда сөз сөйлеген министр Марат Кәрімжанұлы Қазақстан көлік саласын дамытуға, Азиядан Еуропаға барар жолда транзиттік тасымалдардың жылдамдығы мен сапасын арттыруға барлық жағдай жасап жатқанын атап өтті. Сондай-ақ ол бизнес өкілдерінің кездесуі Қазақстан мен Румыния арасындағы автотасымалдар саласына жаңа серпін береді деген үмітін білдірді.

Бұл күні қазақстандық делегация Румыния Көлік және инфрақұрылым министрінің орынбасары Адриан Фогиштің сүйемелдеуімен Констанца қаласындағы Румыниядағы ірі порттың қызметімен танысты.

Теңіз-өзен портының 156 айлағы және екі жалпыеуропалық көлік дәлізінің қиылысында қолайлы географиялық орны бар. Порттың жанында Мидия және Мангалия сынды екі спутниктік порт орналасқан. Аталған порттың қуаты жылына 100 млн тонна жүкті құрайды.

Констанца портының мүмкіндіктері мен артықшылықтары Транскаспий халықаралық көлік маршрутының әлеуетін ашуда, сондай-ақ транзиттік жүк ағындарының көлемін өзара ұлғайту және мультимодальды тасымалдар мен логистикалық процестер саласындағы озық тәжірибемен алмасу үшін Қазақстан мен Румыния арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуда маңызды рөл атқара алады.

 

Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті
Әлемде
23.09.2026
Қырғызстан Wabtec компаниясынан 10 жаңа локомотив сатып алмақ
Жаңалықтар
23.09.2026
Ақмола облысында Атбасар вокзалын жөндеу аяқталды
Жаңалықтар
23.09.2026
ҚТЖ локомотив паркін қысқы тасымалдауға дайындауда
Әлемде
23.09.2026
CRRC энергия үнемдейтін SmartMetro пойызын таныстырды
Жаңалықтар
23.09.2026
Қазақстан вокзалдары жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты
Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде