Студенттер машинист-нұсқаушымен кездесті

Жаңалықтар
09.03.2024, 10:37
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Тараз теміржол көлік және коммуникация колледжінің студенттері «ТЭ33А тепловозының микропроцессорлық басқару жүйесі» тақырыбы аясында машинист-инструктор Ғ.Серікбаевпен кездесті.

Бұл іс-шараны колледж директорының өндірістік оқыту ісі жөніндегі орынбасары Ж.Тайбеков пен «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалы бірлесе ұйымдастырды. Кездесуде машинист-инструктор Қазақстанда шығарылатын локомотивтер жайлы әңгімелеп, тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ ол «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ында құрастырылатын ТЭ33А тепловоздары туралы толық мәлімет берді.  

– Еліміздегі кәсіби-техникалық білім беру жүйесі ең бірінші кезекте еңбек нарығында өздері даярлайтын мамандарға деген сұранысты арттыруды бағдар ретінде ұстауы керек. Өйткені ұлттық экономиканың қозғаушы күші – көліктік логистика мен өндіріс, кәсіпкерлік саласы. Біздің колледж білікті мамандардың тәжірибесін оқу процесіне енгізу әрі теміржол саласының болашақ даму бағдары мен бүгінгі проблемаларды студенттерге таныстыру үшін жұмыс берушілермен өзара әрекеттесу туралы келісім жасасқан. Оқу орнының әлеуметтік серіктестерінің бірі – «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Теміржол көлігі персоналын бағалау және дамыту орталығы» филиалы, – дейді Ж.Тайбеков.  

 

Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады