«Жас темір» жалғасын тапты

Жаңалықтар
20.09.2024, 09:39
Оқуға 2 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның жас мамандарды дамытуға арналған «Жас темір» бағдарламасы биыл екінші рет жалғасын тапты. Бағдарлама теміржол саласына білікті мамандар дайындауға бағытталған. Кеше бағдарламаның биылғы кезеңінің қатысушыларына арнап компания жұмысын таныстыру жиыны өтті.  

Қатысатын жастар ЖОО-ның теміржол мамандықтары бойынша түлектерінің арасынан іріктелетін бағдарламаның бірінші кезеңі 2022 жылы өткен болатын.  

Бағдарлама қатысушылары компания тарапынан жатақханамен қамтамасыз етіліп, әрқайсысына жеке даму жоспары бекітіледі. Оларға өздері қабылданған мекемеден тәлімгерлер бекітіліп, сол ұстаздарының жетектеуімен жас мамандар білімін тәжірибемен ұштастырады. 5 айға созылатын әр ротация алдында олар оқытылып, негізгі мамандық бойынша сол ротациялардан өтіп шығады және бағдарлама аясында жұмыс істеген 1,5 жылда оларға ай сайын жалақы төленеді.  

Іріктелген жастардың қадамына сәттілік тілеген компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің директоры Әлихан Қыраубаев болашақ теміржолшылардың тәжірибесін қалыптастырып, біліктілігін арттыруына көмектесуге қашан да дайын екендіктерін жеткізді. «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалының таланттарды басқару бойынша функционалды бағытының бас менеджері Нұргүл Өтеулиева компанияның Қазақстандағы ірі жұмыс беруші ретіндегі рөлі, қызмет бағыты мен мақсат-міндеттері, беделі мен басымдықтары және құндылықтарын арнайы слайд арқылы таныстырды. Сонымен қатар «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес-серіктесі Динара Сәрсембаева да жастардың қадамына сәттілік тілеп, жылы лебіз білдірді.  

– Алматыда теміржолдың жүктерді тасымалдау және ұйымдастыру мамандығы бойынша жоғары оқу орнында оқып, биыл диплом алғанмын. Аталған бағдарлама туралы ҚТЖ-ның сайтынан танысып, бақ сынап көрейін дедім. Анкета толтырып, берілген сұрақтарға жауап бердім, әңгімелесуге бардым. Сөйтіп барлық кезеңінен толық өтіп, бүгін міне бағдарламаны бастау үшін Астанаға келіп қалдық. Мені «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бойынша жұмыстарға бөлді. Оқуын енді тәмамдап, қызметке кіріскелі тұрған біз сияқты жастарды қолдағаны үшін ҚТЖ компаниясына алғысымды айтқым  келеді, – дейді Жезқазғаннан келген  бағдарлама қатысушысы Бибарыс Елеусізов.  

Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті