«Самұрық-Қазына» АҚ кәсіпорындары арасында IX Спартакиада өтеді

Жаңалықтар
28.10.2024, 16:14
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Samruk-Kazyna Trust» КҚ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары арасында өтетін дәстүрлі Спартакиада биыл да жалғасын таппақ. Ол ІХ рет Астанада өтеді.  

Спорт додасына бүкіл республика аумағынан 16 құрама командаға топтасқан 1000-нан аса адам қатысады деп күтілуде. Бұл сайыс қызметкерлерге өздерінің шеберлігін, күш-жігерін, шымырлығын және командалық рухын көрсетуге тамаша мүмкіндік ұсынады. Спортты жанына серік еткен жандар 2024 жылдың 22-24 қарашасында, Астана қаласындағы Назарбаев университеті Атлетика орталығында бас қосып, 11 спорт түрінен бақ сынайды. Олар: футзал, баскетбол, волейбол, арқантартыс, үстел теннисі, армрестлинг, тоғызқұмалақ, асық ату, шахмат, жүзу және киберспорт.

Спорт мерекесінің аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері тек жарысып қана қоймай, қайырымдылыққа да үлес қоспақ. Кеш барысында жиналған қаражат мектептерде инклюзивті кабинеттер ашуға бағытталады. Сонымен қатар шара аясында қатысушылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қолдау білдірмек.

Ұйымдастырушылар барлық жанкүйерлер мен көрермендерді «Спортқа «ИӘ» де!» ұранымен өтетін осы ерекше жарысқа белсенді атсалысып, әріптестерін қолдап, шынайы бәсекелестік көңіл-күйін сезінуге шақырады. Корпоративтік рухта бірігіп, ұмытылмас кештің бір бөлшегі болу мүмкіндігі туып тұр. Қатысушыларды тіркеу үшін spartakiadask.kz сайты жұмыс істеп тұр. Әзірге 26 қазанға  дейін 200-ден астам адам қатысуға өтініш білдіріп, тіркелген. Жалпы аптаның әр күнінде таңертеңгі сағат 9.00 мен кешкі сағат 20.00 аралығында 87782529821; 87782529826 колл-орталыққа хабарласуға болады.  

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда