Машина жасау: теміржолдың үлесі қандай?

Жаңалықтар
01.11.2024, 09:01
Фото: texol.kz
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚР Премьер-министрінің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында отандық машина жасауды дамыту мәселелері қаралды. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың айтуынша, бүгінде өнеркәсіптің өңдеу саласы өндіру ісін көлемі бойынша басып озған.

Бұл ретте жетекші орындардың бірін машина жасау саласы алады – 20%. Оған 4 мыңға жуық компания жұмылдырылған, 120 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.  

Қазақстанда машина жасау өнімдерінің нарығы $31,6 млрд-қа бағаланады. Оның шамамен 16%-ы отандық өндірістің үлесіне тиесілі. Бүгінде Қазақстан аккумуляторлар, трансформаторлар, кабельдер, локомотивтер, автомобильдер мен автобустар экспорттайды.  

Теміржол машинасын жасауда 423 млрд теңгеге өнім өндірілді, өсім 1,5 есе. Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев атап өткендей, жыл қорытындысы бойынша жүк вагондары өндірісінің 4 есеге – 2 мың бірлікке дейін, жолаушылар вагондары 122 бірлікке дейін, локомотивтер 130 бірлікке дейін өсуін қамтамасыз ету міндеті тұр. Wabtec және Alstom компанияларының технологиялары бойынша локомотивтер, сондай-ақ жүк және жолаушылар вагондарының өндірісі жолға қойылған.  

«Теміржол машиналарын жасау дамудың үлкен әлеуетін білдіреді. Қазіргі уақытта жылжымалы құрамның жалпы паркі шамамен 139 мың бірлікке жетеді. Орташа тозу – 55%. Осыған байланысты жаңа жобаларды іске қосу жұмыстары жүргізілуде», – деді министр. 

Мәселен, биыл «ТексолТранс» компаниясы қуаты жылына 6 мың бірлік жүк вагондары мен цистерналар өндіру бойынша жобаны іске асыруды бастады.  

2025 жылы қуаты жылына 100 бірлік болатын «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады. «Семей машина жасау зауыты» жылына 600 бірлік ашық вагон өндірісін ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізуде. «Railcast Systems» бандаж кешенін құру бойынша жоба іске асырылуда, іске қосу мерзімі – 2025-2026 жылдар. Сондай-ақ 2024 жылдың соңында Қостанай облысында серіппелер шығаратын зауыт іске қосылады деп жоспарлануда. 2025 жылы «Шығысмашзауыт» цехты жаңғыртуды аяқтауды жоспарлап отыр, бұл орта және ірі вагон құюды импортты алмастыруды қамтамасыз етеді. Жалпы Қазақстанда машина жасау құрылымында ең үлкен үлесті автомобиль жасау, теміржол және электротехникалық машинасын жасау алады.

 

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды