KAZLOGISTICS биылғы жұмыс қорытындысын шығарды

Жаңалықтар
05.11.2024, 08:43
Фото: kazlogistics.kz
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жақында «KAZLOGISTICS» Көлік және логистикалық ұйымдар мен қауымдастықтар одағы» ЗТБ Төралқасының кезекті отырысы болып өтті.

Отырыста кіріспе сөз сөйлеген «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері одағының төрағасы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев көлік-логистика саласындағы ахуал туралы, жұмыс қорытындылары және алдағы жылдарға арналған жоспарлар туралы ақпаратпен бөлісті. «KAZLOGISTICS» одағының ағымдағы 2024 жылдың өткен 10 айда атқарған жұмысы және келер 2025 жылға арналған міндеттері туралы Одақ Төралқасы төрағасының орынбасары Юрий Лавриненко баяндады.  

– «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлік қызметкерлері одағы бойынша биыл ынтымақтастық туралы 5 меморандумға қол қойылды. ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының логистика және тасымал комитетімен 5 отырыс, Одақ мүшелерінің жалпы жиналысы 1 рет, көлік және логистика бойынша Одақтың жұмыс топтарының кеңейтілген отырыстары 6 рет өткізілді, – деп есеп берген баяндамашы теміржол көлігі бойынша қаңтар-қазан айлары аралығында жасалған жұмыстарға да тоқталды.  

Атап айтқанда, «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС сайтының басты бетінде 28 ақпаннан бастап Ішкі және сыртқы ақпарат көрсетілетін «тыйымдар» туралы ақпаратқа уақытылы қол жеткізуге тыйым салу және қызмет көрсетілетіндердің мүддесі үшін тасымалдау шектеулеріне арналған қосымша бет қосылды. Сондай-ақ «Конвенциялық тыйымдар бойынша анықтамалар мен жүк тиелген контейнерлер мен вагондар жайлы ақпарат» деген қосымша бетіндегі «Тексерулер» қосымшасы күн сайын жаңарып отыратыны жеткізілді. ДКР АБЖ-да рұқсатсыз пайдаланудан экспедитордың кодтарын қорғау бойынша кейбір шараларды қабылдау үшін 2024 жылғы 11 сәуірден бастап «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС жүкқұжаттағы «Экспедиторлардың коды мен атаулары» бағанын автотолтыру мүмкіндігін болдырмау бойынша жұмыс жүргізді. «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 35-бабының 2-тармағы бойынша түсініктеме алынды, онда «тасымалға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар» нормасы ресми түрде анықталмаған және аталған норманы тарату, субъективті түсіндіру мүмкіндігін тудырады делінген.  

Бұдан әрі көлік түрлері жөніндегі кіші комитеттердің төрағалары саладағы ахуал туралы ақпаратпен бөлісті. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов көлік саласының, оның ішінде «KAZLOGISTICS» Одағының базасында жүйелі және ағымдағы проблемалық мәселелерді шешу үшін құрылымдар мен ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығы туралы айтып берді. Одақтың Бас директоры Қанат Әлмағамбетов Жарғылық мәселелер туралы баяндады. Сондай-ақ отырыста Одақ Төралқасының құрамын өзгерту және Одақ мүшелігіне қабылдау мәселелері де сөз болды.

 

Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті
Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда