Тіл клубының кезекті отырысы өтті

Жаңалықтар
06.11.2024, 14:47
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Компанияның Мемлекеттік тілді дамыту секторының Қазақ тілінде сөйлеу клубы кезекті отырысын өткізді. Танымдық сайысқа негізделген жиын туған жер, Отан тақырыбына арналды.

Жиынға қатысушылар белгілі қазақ ақын-жазушыларының туған жер туралы өлеңдерін жатқа оқып жарысты.  Іс-шара әрі қарай «Жасырын сөзді тап» ойынымен жалғасты. Бұл бір қызық ойын еді, қатысушылар ортаға шығып, үстел үстіндегі карточкадағы сөзді іштей оқып, сол сөздің мағынасын жасыру арқылы өзгелердің   сол сөзді табуына көмектеседі. Сөзді дұрыс тапқан адам карточканы өзіне алып, ойынды жалғастырады.  Кім көбірек карта жинаса, сол жеңеді.  

Келесі ойын «Kahoot» дидактикалық ойыны болды. Қатысушылар ұялы телефондары арқылы осы ойынның сайтына кіріп, есімін жазады және қойылған сұрақтарға жылдам жауап беруге тырысады. Клуб отырысы одан әрі әңгіме құрастыру сайысына ұласты. Ойын шарты бойынша берілген суреттерге қарап отырып  5 минутта әңгіме құрастырғандар аз болмады.    

–  Клубтың мақсаты – компаниямыздың қазақ тілін үйренемін деген қызметкерлеріне көмектесу. Сонымен қатар оларды еркін, әрі жеңіл сөйлесуге үйрету, тілдік ортаны дамытып, күннен-күнге тілге деген қызығушылықтарын арттырып, өмірде пайдаланатын сөздерді оңай меңгертуге де септік етуді көздейміз, – дейді кешті жүргізген аталған сектордың бас менеджері Меруерт Ақбердиева.

Соңында барлық қатысушылар «Мен қазақпын» әнін шырқады және қазақы нақыштағы әдемі қобдиша сыйлықтарға ие болды.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті