ТХКБ дәлізі арқылы Қытайдан литий-ионды батареялар тасымалданбақ

Жаңалықтар
06.12.2024, 09:56
Фото: Көлік министрлігі

Кеше Қытай Халық Республикасы астанасы Бейжің қаласында Қазақстан мен Қытай көлік ведомстволарының басшылары Марат Қарабаев пен Лю Вэй арасында келіссөздер өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу министр Марат Қарабаевтың Бейжіңге жұмыс сапары аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында қазақстандық ведомство басшысы Лю Вэй мырзаны Қытайдың жаңа көлік министрі қызметіне кірісуімен құттықтап, көлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Тараптар теміржол және автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау көлемінің айтарлықтай ұлғайғанын, елдер арасындағы рейстер санының, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік маршруты (ТХКБ) бойынша тасымалдаулардың ұлғаюын атап өтті.

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол көлігі саласындағы тасымалдау көлемі ағымдағы жылдың 10 айында 13%-ға өсіп, 26,6 млн тоннаны құрады. Автомобиль көлігі саласында үшінші тоқсанның қорытындысы бойынша тасымалдау көлемі 60%-ға өсіп, 1,9 млн тоннаны құрады.

«Келіссөздер барысында ТХКБ маршрутын бірлесіп дамыту, сондай-ақ жүктердің үздіксіз өтуін қамтамасыз ету бойынша тұрақты жұмыс тобын құра отырып, осы дәлізді бірлесіп жүктеу туралы келісімге қол жеткізілді. Аталған келісім шеңберінде ағымдағы жылдың желтоқсанында ТХКБ дәлізі бойынша Қытайдан литий-ионды батареяларды тасымалдау бойынша сынақ рейсін іске қосу жоспарлануда», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда Қытайдан ТХКБ бойынша тасымал көлемі жиырмафуттық эквивалентте 27 мың контейнерден асып кетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25 есе көп.Сонымен қатар, жаңа бағыттарды құру және Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер арқылы жүк тасымалдауды дамыту мүмкіндіктері талқыланды.

Сондай-ақ, көлік ведомстволарының үйлесімді жұмысының арқасында министлер цифрландырудың нәтижесінде рұқсат бланкілерін халықаралық автомобиль тасымалдарына айырбастаудың электрондық форматына көшкенін атап өтті. Бұл бланкілерді тікелей жүк жөнелтушілерге цифрлық платформа арқылы бір сағат ішінде алуға мүмкіндік береді.

 

Спорт
11.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Спартакиадада тарихи жеңіске жеткен спортшылар командасын құттықтады
Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес