«Магистраль Аwards-2024» жүлдегерлері анықталды

Жаңалықтар
20.12.2024, 09:02
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Кеше Астанада Еуразия көлік кешені көшбасшыларына арналған «МАГИСТРАЛЬ AWARDS-2024» жүлдесін анықтау рәсімі өтті. Маңызды жиында халықаралық көлік және логистика саласындағы компаниялар, соның ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері мен кәсіпорындары да беделді жүлде лауреаттары атанды.

Салалық жүлдені «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «TLK Media», ҚР Көлік министрлігі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, «KAZLOGISTICS» көлікшілер одағы және Еуразия экономикалық комиссиясының қолдауымен Н.Исингариннің көлік бастамаларын қолдау қоры ұйымдастырды. Биыл салалық байқауға 5 мемлекеттен 100-ден аса қатысушылар өтінім берген, олардың ішінде жетекші теміржол, порт, логистикалық компаниялар бар.  

Жиынды ҚР Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров ашып, көлік және логистика саласындағы жетістіктерді айтып өтіп, соған үлес қосқан майталмандарды анықтауда бұл жүлденің орны бөлек екенін жеткізді. Алғашқы аталым – «Еуразия көлік каркасын институционалды дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясымен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары Ерлан Қойшыбаев марапатталды. Көп жылдан бері Қазақстанның көлік-логистика саласында кәсіби біліктілігі мен қызметіне адалдығын танытып келе жатқан оның жұмысы халықаралық көлік дәліздерінің басты бөлігі ретінде Қазақстанның тұрақты институционалдық негізін құру және орнын бекітуге бағытталған. Е.Қойшыбаевтың араласуымен сәтті жүзеге асырылған жобалардың қатарында Қорғас пен Сианьдағы құрғақ порттарды, Ляньюньгандағы, Каспий теңізіндегі терминал қызметін атауға болады. Сонымен қатар Еуразия құрлығы мен Қазақстан арқылы контейнерлік транзиттің миллиондық көрсеткішіне қол жеткізуге атсалысуы да атап өтілді.  

Келесі «Транспорт Профи» аталымы бойынша лауреат атанғандар қатарында «KTZ Express» АҚ ІТ департаментінің директоры Ғизат Әмірғали және «ҚТЖ» ҰК» АҚ Интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің топ басшысы Айман Ибраева болды. Ал «Көлік басқару шеберлігі» аталымы бойынша «Құрық порты» ЖШС бас директоры Серік Ахметов марапатталды. «Сәтті старт» аталымының дипломдары «Алят порты интермодальды жүк терминалы» жобасы үшін «Кедентранссервис» АҚ-ға, «Ақтау теңіз сауда порты базасындағы контейнерлік хаб құрылысы» жобасы үшін Ақтау порты ұжымына берілді. «Жылдың үздік жобасы» аталымы бойынша еңбегі еленгендер қатарында «Сиань қаласындағы көлік-логистикалық орталығы» жобасы үшін ҚТЖ компаниясының аты тағы аталды. «Цифрлық логистика көшбасшысы» аталымының лауреаты болуға лайық деп танылғандар арасында «Бірыңғай цифрлық терезе» жобасы үшін «KTZ Express» АҚ болды.  

Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты «Халық таңдауы» жүлдесімен «Автотізбекті тіркеу қызметі бар тренажер» жобасы үшін Қостанай вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Мұрат Ерманов марапатталды.  

«Көлік кешеніндегі үздік HR-бастамалар» аталымы бойынша «Теміржолшыларды моральдық ынталандыру жүйесін дамыту» жобасымен ҚТЖ тағы жүлделі болды. Сондай-ақ «Тиімді көлік шешімдерін іске асырғаны үшін» аталымы бойынша марапат ҚТЖ-ның техникалық орталығының директоры Азамат Жангелдіге берілді.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті