«Үздік ойыншы» – пойыз құрастырушы

Жаңалықтар
20.12.2024, 09:20
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көңілді және тапқырлар ойынында жарқырап көрінетін маңғыстаулық пойыз құрастырушы Азамат Абибулда биыл «Үздік ойыншы» номинациясына ие болды. Екі жылдан бері түбек теміржолында пойыз құрастырушы болып еңбек етіп келе жатқан Азаматтың сахнадағы өнері мен актерлік шеберлігіне көрермендер де, қазылар алқасы да тәнті болды.

«Маңғыстау.кз» командасы құрамында өнер көрсетіп жүрген Азамат – теміржолшылар отбасынан шыққан. Әкесі вагон қараушы болып еңбек етеді.  

– Пойыз құрастырушы болып жұмыс істегеніме аз ғана уақыт болды, бірақ осы аралықта өз мамандығымның қаншалықты маңызды әрі жауапты екенін түсіндім. Ал жайдарманда ойнау – сүйікті хоббиім, 7-сыныптан бері қатысып келемін. Дайындық барысында әзілдерді әріптес жігіттермен бірге отырып жазамыз, құрастырамыз, әрбірінің өзінің мінезіне сай әзілдері бар. Жайдарманшы болу үшін жан-жақты болу керек деп ойлаймын, әрине актерлік қабілет те керек, тапқырлық та қажет. Сахна мен үшін киелі жер, ол жерге шыққан адам міндетті түрде қобалжиды. Дегенмен бойыңда көпшілікті қарата алатын өнерің болса, халықтың ықыласы қанаттандырып жібереді, – дейді Азамат.  

Азаматтың анасы – музыкант, домбырадан сабақ береді, демек өнер оған анасынан дарыған десе болады. Көпбалалы отбасынан шыққан кейіпкеріміз отбасылы, Асылтас есімді қыздың әкесі.  

– Бұл форумға былтыр да қатысқанмын. Биыл да келдік. Өте жоғары деңгейде өтті. Бәрінің көңілінен шықты. Түрлі салада білім алдық, тәжірибе жинадық. Өмірімде тағы да жаңа достар пайда болды. Жас қызметкерлердің дамуына осындай жағдай жасап отырған ҚТЖ басшылығына алғысымыз шексіз, – дейді Азамат.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті