Тиімді коммуникация құра білейік...

Жаңалықтар
20.12.2024, 09:28
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Форум аясында өткен тренингтердің бірі «Экологиялық коммуникациялар» деп аталды.

– Бұл тренингтің мақсаты – коммуникацияларды жақсарту. Тренинг 80 пайыз практикадан тұрады. Көп бөлігі бизнес ойын, талқылау болса, қалғаны – теория. Осылар арқылы әр адамның мықты жақтарын көрсетіп, айқындау көзделуде. Мұның бәрі әуелі тыңдау, сосын кедергілерді жою және кері байланыс арқылы жүзеге асырылады, – дейді коммуникация жөніндегі бизнес тренер Айбатыр Төрешов.  

Тренингке қатысқан 60 шақты жас бірнеше топқа бөлініп, жаттықтырушы берген шарттарға сай 4 сағат бойы тапсырмаларды орындады. Олар тиімді коммуникация құру үшін не істеу керектігін үйренді.  

– Форумға қатысу үшін мен «ҚТЖ100 жас есім» жобасына кірдім. 4 күндік форум жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны және өте қызықты болғаны сондай, уақыттың қалай өткенін білмей қалдық. Неше түрлі тренингтерге қатыстық. Бұл тренингтер адамның ой-санасын өзгертеді, алға қарай ұмтылдырады, теміржолшы болғаныңа мақтан тұтуды үйретеді. Форум барысында жан-жақтағы әріптестермен танысып, достығымыз артты. Сонымен қатар жоғары басшылармен кездесіп, олар өздерінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Оларды тыңдағаннан сабақ алдық. Форум жұмысы тығыз кестеге құрылғанымен мүлдем шаршамадық, – дейді тренингке қатысушы, Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі кадр бөлімінің маманы Жұлдызай Қайсарова.

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды