«Jibek joly» наурызда жолға шығады

Жаңалықтар
04.02.2025, 09:54
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Былтырдан бері танымалдыққа ие болған «Jibek Joly» туристік пойызы наурызда жолға шығып, оның жолаушылары Наурыз мейрамын Қазақстан мен Өзбекстанда атап өту мүмкіндігіне ие болады.

Үшінші трансшекаралық тур 2025 жылдың 20-25 наурызы аралығына жоспарланған. Бұл жолы теміржол саяхатының бағдарына Тараз қаласы қосылды.  

«Алматы – Түркістан – Ташкент – Самарқанд – Тараз – Алматы» бағытындағы халықаралық турдың ұзақтығы 5 күнді құрайды. Саяхатшылар ежелгі қалалардың ерекше атмосферасына еніп, Ұлы Жібек жолының ізімен саяхаттайды және екі елдің көрікті жерлерін аралайды.  

Сонымен бірге туристер шығыстың қонақжайлылық атмосферасымен таныса алады. Тур бағдарламасы этноауылдағы мерекелік шараларды қамтиды, атап айтқанда концерттік бағдарлама, ұлттық салт-дәстүрлер және дәстүрлі тағамдардан дәм тату. Туристердің ыңғайлылығы үшін кәсіби гидтердің сүйемелдеуі, заманауи вагондарда жайлы тұру жағдайлары, тамақтану және экскурсиялар қарастырылған. Туристік пакеттерді туристік агенттіктерден сатып алуға болады.  

Халықаралық турды ҚР Туризм және спорт министрлігінің қолдауымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ, республикалық «Қазақстан туризм индустриясы» қауымдастығы және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ ұйымдастырды. Жобаның басты мақсаты – екі ел арасындағы туризмді дамыту, тарихи және мәдени мұралармен танысу арқылы халықтар арасындағы достықты нығайту.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті