ЭКСПО орталығында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде

Жаңалықтар
13.02.2025, 15:56
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада осы аптаның айтулы оқиғасы «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалі өтуде. Бес күнге созылатын фестиваль Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтары жылын ресми түрде ашқан алғашқы іс-шара болды. Ауқымды жиын түрлі сала  мамандарының, жұмыс берушілердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдерін бір алаңға тоғыстырды.    

Фестивальге 200-ге жуық ірі, шағын және орта бизнес өкілдері, жоғары оқу орындары мен колледждер және ғылыми зерттеу институттары қатысуда. Кеше Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев фестивальдің қонағы болды.    

Жұмысшы мамандықтары қаласы белгілі бір салаларға арналған 6 көшеден, әр көше үйлерден тұрады. Барлық өңірден келген оқу орындары мен компаниялар өз салаларына қатысты павильондарын қызықты да тартымды етіп жасап, соңғы заманауи технологияларын көрсетті. Солардың бірі – Машина және көлік құрылысы көшесінде Теміржолшылар үйі бар. Мұнда «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері арнайы стенд пен локомотив пішіндегі заманауи кабина мен тепловоз, жүк және жолаушылар вагондарының макеттерін келушілер назарына ұсынуда.  

– Фестиваль аясында ұлттық компания атынан біз «Машинистің болашақтағы кабинасы» капсуласын көрсеттік. Ішіндегі заманауи пультті қазірдің өзінде пайдаланамыз, ал мынау арнайы жасалған капсула – болашақтағы локомотив сұлбасы. Пойыздағы сыртқы дала көрінісін лед экран арқылы көрсетіп қойдық. Өте тартымды шықты. Осындай іс-шаралар арқылы жастарды жұмысшы мамандықтарына тарту өте дұрыс деп санаймын, – дейді Астана локомотив пайдалану депосының машинисі, іс-шараны ұйымдастыруға атсалушының бірі Жігер Сейітов.

Фестиваль аясында түрлі семинарлар мен шеберлік сабақтары,  мұнай және энергетика тақырыптары бойынша хакатон, мамандықтар шеруі, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі, стартаптардың тұсаукесері, машина жасау бойынша шеберлік сыныптары, концерттер, халықаралық аккредиттелген техникалық және кәсіптік оқыту курстарын таныстыру және тағы басқа іс-шаралар өтуде.    

– Қазір Мемлекет басшысының қолдауымен жұмысшы мамандықтары ерекше дәріптеліп жатыр. Біздің оқу орны теміржолдағы маңызды мамандықтарды дайындауға өз үлесін қосып отыр. Гранттар саны артуда. Колледжде қазір 1300 студент білім алады, оларды күніне 200 баладан бөліп, фестивальге әкеліп, танысып, тамашалауларына мүмкіндік жасап отырмыз. Теміржолшылар үйін көріп болашақ мамандықтарымен жете танысуға қызығушылықтары артуда, – дейді М.Тынышбаев атындағы Астана АLT көлік колледжінің маркетинг бөлімінің меңгерушісі Айнұр Сәрсембаева.  

Көрмеден бөлек негізгі сахна төрінде түрлі танымдық іс-шаралар да өткізілуде. Мәселен, олардың бірі теміржолдағы түрлі мамандықтарды танытуға арналды. Викториналық ойындар арқылы жастардың теміржол саласы туралы білімі сыналып, жеңімпаздарға компания атынан сыйлықтар ұсынылды. Түстен кейін осы сахнада «Болашақтың көлігі: 5-10 жылдан кейін қандай мамандықтар сұраныста болады?» деген тақырыпта конференция өтіп, ҚТЖ мамандары спикер ретінде пікір білдірді. «EXPO» Халықаралық көрме орталығында 15 ақпанға дейін созылатын фестивальге кіру тегін. Оның есігі осы аралықта күн сайын сағат 10:00-ден 18:30-ға дейін ашық.  

Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды
Жаңалықтар
15.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы Алматы өңірінің темір жол инфрақұрылымының негізгі нысандарын аралады
Қауіпсіздік
14.08.2026
Сексеуіл мен Аралда ауқымды рейд өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
Теміржолшылар Құрылтай сайлауының маңызын талқылады
ҚТЖ келбеті
14.08.2026
«Алтын кітапқа» арқау болған теміржолшы
Инфрақұрылым
14.08.2026
Орта дәліз кәсіподағын дамыту – ортақ міндет
Жаңалықтар
14.08.2026
Арнайы пойыз жолға шықты
Әлеумет
14.08.2026
Жаз қызығы жалғасуда
Спорт
14.08.2026
Маңғыстауда аңызға айналған теміржолшы Сағынай Қошқарбаевтың мерейтойына орай турнир өтті
Спорт
14.08.2026
Шу станциясында теміржолшылар арасында тораптық жарыс өтті
Жаңалықтар
14.08.2026
ҚТЖ Басқарма төрағасы электр орталықтандыру маневрлік бекетінде болып, Астана-1 вокзалының құрылыс барысымен танысты
Жаңалықтар / Мұрағат
14.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №64 14 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
13.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ-ның локомотив паркі 146 заманауи локомотивпен толықты
Әлемде
13.08.2026
Қытай теңіз бағыттары үшін контейнерлерді екі қабатпен таситын алғашқы пойызды іске қосты
Жаңалықтар
13.08.2026
Теміржол өткелінде көлік істен шығып, жүк пойызы шұғыл тоқтауға мәжбүр болды