ҚТЖ-да Наурызнама онкүндігі өтуде

Жаңалықтар
21.03.2025, 09:12
Оқуға 1 мин
Суреттерді түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мейра - мын Қазақстан темір жолшылары ерекше көңіл-күймен атап өтуде. Астанада Ұлттық компанияның бас ғимаратының үлкен фойесінде ұлттық нақышта безендірілген киіз үй тігіліп, арнайы фотоалаң жабдықталды.

Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары Наурызнама онкүндігінің әр күнінде ұлттық салт-дәстүрден тұратын іс-шаралар өткізді. 14 наурыз күні «Көрісу» күнінен бастап «Қайырымдылық», «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр», «Шаңырақ», «Ұлттық киім», «Жаңару», «Ұлттық спорт», «Ынтымақ», «Жыл басы» және «Тазару» күндерінің бәрінде де теміржолшылар қауымы іс-шаралардан тыс қалмай, Ұлыс күнінің өз деңгейінде өтуіне атсалысуда.  

ҚТЖ-ның барлық филиалдарында «Наурызнама» онкүндігі аясында этно-ауылдарды безендіру, ұлттық тағамдардан дәм татқызу және сала ардагерлерін құттықтау сияқты түрлі іс-шаралар өтуде. Теміржолшылар қайырымдылық акцияларын да ұйымдастырып, экологиялық бастамалар аясында «Ағаш отырғыз!», «Аумақты тазала!», «Жануарларға арналған баспанаға көмек» акцияларын өткізуде.  

«Ұлттық спорт – ұлт келбеті» спорттық іс-шаралар аясында компания қызметкерлері ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысуда. Ал бүгін – 21 наурыз күні елорданың «Нұрлы жол» вокзал-кешені аумағында тоғыз ақ шаңқан үй тізіліп, ҚТЖ және оның филиалдары көпшілікке наурызнама мерекелік бағдарламасын ұсынып, наурыз көже мен бауырсақ таратуда. Ұлыс оң болсын!  

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды