Польша астанасында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Кездесу барысында 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы жұмыс қорытындысы шығарылды. Маршрут бойынша тасымалдау көлемінің тұрақты өсуі, сондай-ақ жылдық жоспарды орындаудың оң динамикасы атап өтілді. Қатысушылар логистикалық операциялардың тиімділігін одан әрі арттыру, тұрақты сервистерді кеңейту және процестерді цифрландыру бойынша басым қадамдарды талқылады.

Бейінді жұмыс топтары қызметінің нәтижелері ұсынылды. Олардың әрі қарайғы функционалы мен жұмыс бағыттары туралы шешімдер қабылданды.