Атырау қаласында Орталық кәсіподақ кеңесінің Атырау өңірі бойынша кәсіподақтар өкілдігі мен спорт нұсқаушылары бірлесе волейболдан «Қазтеміржолкәсіп» турнирін өткізді.
Жарысқа ТЧЭ-3, Атырау, Мақат, Ганюшкино станциялары, ПЧ-9, ПЧ-11, ШЧ-8, ШЧ-9, ШЧ-11, ЭЧ-4 – барлығы 10 команда қатысып, өзара сайысты. Бұл спорттық жарыстың мақсаты, теміржолшылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорт арқылы ұжым бірлігін нығайту. Допты қақпақылдап ұру да шеберлік, волейбол ойынының ерекшелігі де сонда, мүлт кетсең ұпай жіберіп аласың. Ойыншылар төрт сағат бойына тартысып, бас жүлде үшін барын салды, қай-қайсысы да жеңіс тұғырынан көрінуге тырысты. Десе де, тор үстіндегі допты торуылдауда шапшаңдық танытып, таныту арқылы жарыста озып шыққан үш команда жеңімпаз деп танылды. Сонымен ойын қорытындысында ШЧ-8 командасы 3-орын, Ганюшкино станциясы 2-орын, ТЧЭ-3 жүлделі 1-ші орынды иеленді. Жүлделі болған командалар диплом, кубок және ақшалай сыйлықпен марапатталды.