Қауіпсіздік үшін күрес

Жаңалықтар
05.09.2017, 12:18
Оқуға 2 мин
Тасымал тасқыны жоғары Аякөз станциясында тәулік бойы қарбалас бір тынбайды. Елдің күнгейі мен Шығысын жалғайтын аймақтағы ең ірі тораптық станцияда қозғалыс қауіпсіздігі үшін күрес жүріп жатыр деуге болады...   Семей вагон пайдалану депосына қарасты Аягөз техникалық күтім бекетінің теміржолшылары бір келіп, бірі кетіп жатқан сеңдей соғысқан құрамаларды күндіз-түні тексеруде.  Вагон қараушылардың қырағы жанарынан ештеңе қалыс қалмайды.  -Вагон шаруашылығындағы еңбек қарқыны әсіресе жылдың салқын маусымында, күз бен қыста жоғарылай түседі. Себебі, ауа райының қолайсыз күндерінде вагон ақаулықтары да жиілей түседі. Осынау кезеңде жұмысымызға, атқарылатын түрлі  шараларға ерекше басымдық береміз, - дейді Аягөз станциясындағы техникалық күтім бекетінің өндірістік сабақ нұсқаушысы Дулат Бейсембаев. Ия, қазіргі күні Аягөздегі вагон шаруашылығы аталмыш өңірдегі ең қауырт қызмет орнына жатады. Сондықтан, мұнда жүргізілетін шаралар арасында техникалық дәрістердің маңыздылығы зор. Бірінші кезекте аптасына үш-төрт рет жоспарлы техникалық дәрістер жүргізілсе, желі бойында да жоспардан тыс техсабақтар өткізіледі.  Мұнымен қатар, пойыз қозғалысы қауіпсіздігін сақтауда мекеме басшыларымен техникалық сабақ нұсқаушылары бірлесіп күндіз-түні тексерулер жүргізіледі. Бұл шаралар әсіресе мерекелік демалыс күндері және айлықтар мен акциялар аясында тым күшейтіле түседі екен.   Қазіргі күні Таңсық станциясы мен Шар арасында жүзге таяу вагон қараушысы бар екен. Бұл тым аз көрсеткіш. Мамандардың жетіспеушілігі айқын байқалады. Мәселен, Аягөз станциясының өз басында 24 теміржолшы вагондарға тексеру жүргізіп, күндіз-түні қырағылық танытуы керек. Бір ауысымдағы төрт-бес адам барлығына үлгеруі тиіс. Аякөз өңіріндегі аталмыш қызметтің ауырлығын, жауапкершілігінің аса жоғары екендігін осыдан-ақ бағамдауға болады. Әйтседе, өңірдегі вагон шаруашылығына қызметке келе бастаған жас буын жұмысты жеңілдетуге септігін тигізуде. Қазіргі күні өңір бойынша вагон қарушыларының 40 пайызын жастар құрайды екен. Қалай десек те, жұмыс күшінің шектеулілігіне қарамастан аякөздік вагоншылар  қозғалыс қауіпсіздігі  үшін күресте жұмыла еңбек етіп,  айтарлықтай нұқсан келтіретін ақаулықтарға жол бермеуде. Соңғы жылдары төрт бірдей Құрметті теміржолшы шыққа аягөздік вагоншылар қандай қиындықты да жеңетіндеріне  нық сенімді.

Қуаныш Қожаев, Аягөз    

Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді