Негізсіз ақаулар қайдан шығады?
Жол бойының қауіпсіздігін толыққанды анықтау мақсатында мобильді зертханалық вагондар жыл сайын аймақтардағы рельc бойын тексеріп, жолдың ақауын «көбейтіп» кетеді.
Себебі, жол шаруашылығы мамандарының пікіріне жүгінсек, кейінгі шыққан жетілдірілген заманауи техниканың «сезімталдығы» өте жоғары. Ал қазіргі қолданыстағы РДМ-22 ақаутапқыш арбашықтары 5 мм-ге дейінгі сынықтарды «ақау» етіп көрсетпейді. Әрі зертхана вагоны анықтайтын әлгіндей титтей негізсіз ақаулардан жолға қауіп төнбесе керек. Сондықтан, зертхана вагонының мамандары мен жолшылар арасында осыған байланысты талай түсініспеушілік жағдайлар туындаған көрінеді.
– Рельс зауыттан шығарда жолға бекітілу үшін арнайы тесілген қалыбымен келеді. Бір жылдары арнайы тесілген белгісі жоқ 25 метрлік рельстер келіп, Монтайтас пен Шанақ станциялары арасында салынды. Жолға орналастыру тәртібіне сай дистанциялықтар рельсті өз күштерімен ойып шықты. Оның стандартты мөлшері 36 мм болу керек. Бүтін келген рельстер әр айналым жолына берілген соң, тесетін техниканың алмастары ескіргендіктен, басқадай да себеп бап шығар, бірі үлкен, бір кішкентай мөлшерде ойылған соң, арасы ашық қалып кетеді. Зертхана вагоны кейде соны да ақау етіп көрсетеді. Немесе қазір екі рельсті жалғарда ортасын дәнекерлейді. Бұрын дәнекерлеу әлі қолға алынбай тұрғанда екі рельсті бір-біріне жалғау үшін арасынан темір өткізіп тартатын. Кейін сол темір өткізу үшін тесілген ойықтар да ақау болып көріне бастады. Кейде басқа себептермен де рельстерді тарту, қатайту үшін тесетін жағдайлар болады, осындай белгілі себептермен тесілген нүктелердің бәрін ақау ретінде тіркеле берсе жолда сау жол қалмайтыны рас, – дейді Арыс жол дистанциясының ақаутапқыш цехының бастығы Қалдарбек Сапыұлы.
Тәжірибелі маманның айтуынша, жоғарыда айтқандай «не стандартный» тесіктердің бәрін зертхана «ақау» деп көрсете бергесін, күтімі жақсы, қауіпсіздігі жоғары деген жол телімдерінің өзі жарамсыз болып шыға келеді де, ақауды арттырған деп жолшыға сөгіс береді. Бұл жерде жыл он екі ай жол күтімін жасауға дағдылаған жолшының кінәсі не, бар «кінә» заманауи техника қызметінің әсіре белсенділігінде деп санайды жол дистанциясының өкілі.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді