«Қазтеміртранс» нарық сұранысын қанағаттандыруда

Жаңалықтар
08.08.2025, 09:41
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-ның еншілес ұйымы жүк вагондары паркінің операторы «Қазтеміртранс» АҚ еліміздегі теміржол көлігі бойынша жүк ағынының 40 пайыздан астамын қамтамасыз етіп отыр.  

Компания паркі жыл сайын түрлі типті жаңа вагондармен толығып отыр. 2024 жылдың өзінде 2 мыңнан астам вагон сатып алынған.  

– Бұл – ұлттық оператордың тек есеп үшін емес, сұраныстар мен ұсыныстар теңгерімін сақтау үшін жүргізіп отырған жұмысы. Компания тек құр сатып алуға ғана емес, нақты нарық сұранысына қарай ғана вагондар алуға басымдық береді. Операторлық бизнес – көптеген факторларға тәуелді, атап айтқанда геосаяси жағдайдан бастап табиғат жағдайына дейінгі өзгерістерге бағынышты. Мұндай жағдайда тұрақтылық сақтау өте маңызды. Компания еліміздегі парктердің үштен біріне ие, бірақ бәсекелес ортада жүмыс істейді және монополиялық тәртіппен жүрмейді. Сервистік байланысқа, ұзақмерзімді келісімшарттарға басымдық беріледі, – дейді «Магистраль-Live» сарапшылар алаңында сөйлеген сөзінде «Қазтеміртранс» АҚ маркетинг және тариф саясаты жөніндегі басқарушы директоры Абылайхан Жарлықпай.  

Спикердің баяндауынша, компания вагондарды бөлудің автоматтандырылған жүйесін енгізуде. Бұл нақты алгоритмдер бойынша жүзеге асырылып, адами факторды болдырмайды және айқындылықты қамтамасыз етеді. Жылдың соңына дейін бұл жүйе сынақтық пайдалану кезеңіне өтеді.  

Бүгінде ҚТТ тау-металлургиялық холдингтер мен аграрлық және мұнай химия кәсіпорындарын қоса алғанда 1200-ден астам компаниялармен өзара іс-қимыл жүргізеді. Компания тасымалды субсидиялаудың мемлекеттік бағдарламаларына қатысып, ТХКБ бойынша Орта дәлізді дамытуға белсенді қолдау білдіреді. Әсіресе Қытай, Өзбекстан, Каспий маңы елдері және одан әрі Еуропаға бағытталатын бағдарларға ерекше көңіл бөледі. Былтырғы жылы КТТ вагондарымен 160 млн тоннадан астам жүк тасымалданған.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті