«ҚТЖ» мен «Қытай темір жолдары» тасымал және инфрақұрылым жайын талқылады

Жаңалықтар
01.09.2025, 15:59

Бейжіңде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен «Қытай темір жолдары» мемлекеттік корпорациясының бас директорының орынбасары Ван Лисиньнің кездесті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Келіссөз барысында тараптар тасымал көлемін ұлғайту, Транскаспий халықаралық көлік бағытын (ТХКБ) дамыту, CRCT компаниясының МСМ бірлескен кәсіпорнына кіруі және инфрақұрылымды дамыту мәселелерін талқылады.

Инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруды аяқтау 2026 жылға қарай Достық — Алашанькоу түйісінде пойыздарды қабылдау мен өткізу көлемін арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұл ретте қытай тарапы инфрақұрылым дамуын синхрондау үшін барлық күш-жігерін салатынын жеткізді.

2026 жылға арналған тасымал жоспарларын, көлемдері мен жүк номенклатурасын Алматы қаласында 22–26 қыркүйекте өтетін бірлескен комиссияда қарау туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ Бақты — Аягөз үшінші теміржол өткелін салу жобасын іске асыру мәселесі талқыланды. Оның пайдалануға берілуі 2028 жылдың басына жоспарланған. Тараптар биылғы жылдың соңына дейін жүк номенклатурасы мен терминалдардың мамандануын айқындаудың маңыздылығын атап өтті.

 

Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді