Quiz ойыны руханиятқа арналды

Жаңалықтар
05.09.2025, 09:30
Суретті түсірген Әділ ҚАЙЫРБЕКОВ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстан халқының тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ҚТЖ-да Мемлекеттік тілді дамыту секторының ұйымдастыруымен Quiz зияткерлік ойыны өтті. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге арналған ойын тақырыбы «Ұлтымыздың ұлы ұстазы – А.Байтұрсынұлы» деп аталып, оған 4 адамнан құралған 8 топ қатысты.

ҚТЖ бас ғимаратында өткен іс-шараға теміржолшылар белсенді атсалысты. Зияткерлік ойыны 4 кезеңге бөлінді. Кіріспе кезеңінде қатысушылар 4 жауап нұсқасы бар сұрақтарға жауап берді. «Сөзжұмбақ» және «Байланыс» кезеңдерінде команда мүшелері кеңесе отырып, барлық сұрақтың ортақ жауабын табуға тырысты. «Тәуекел» деп аталатын төртінші кезеңде логикалық мәтін түріндегі сұрақтар қойылды. Барлық сауалдар қазақ руханияты мен негізінен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына арналды.  

Ойын нәтижесінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен беделін көтеруге атсалысып, жоғары ұпай жинаған «ЦЮ-Орда» тобы 1-орынды иеленді. Екінші орынды «Маса» және «Қазына» топтары өзара бөлісті. Ал үшінші орын «Ана тілі», «Сақтар» және «Қамажай» командаларына берілді. Ал жүлдегерлер қатарынан табылмаған «Кербез», «Көшпенділер» командаларына ынталандыру сыйлықтары берілді.  

– Ойын өте қызықты, тартысты өтті. Сұрақтар тек тіл маманы үшін ғана емес, жалпы барлық саладағы адамдар үшін оңай, бастысы бұл жерде логиканы іске қосып, бұрын тарих пен әдебиеттен өткен деректерді еске түсіру керек. Біздің топ заңгерлерден құралғандықтан бұл аса қиын болмады. Жалпы мұндай жарыстарға жиі қатысамыз, мақсатымыз – мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге атсалысу, – дейді жеңімпаз команда «ЦЮ-Орда» тобының мүшесі, компанияның құқықтық қамтамасыз ету департаментінің менеджері Диас Шарафадин.  

Сайысқа түскен 32 адам сыйлықсыз қалмады. Ынталандыру сыйлығына ет астауы, үшінші орынға музыкалық киіз үй, екінші орынға қысқатолқынды пеш және бірінші орын алғандарға мультиварка тарту етілді. Мемлекеттік тілді дамыту секторының басшысы Ербол Тоқтағазы мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасып, ана тіліміздің қолданыс аясын кеңейту бағытында жоспарлы жұмыстар жүргізіле беретінін жеткізді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті