Колледж оқытушылары ҚТЖ-да тағылымдамадан өтті

Жаңалықтар
14.10.2025, 10:14
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Көлік саласында білім беретін ЖОО және колледжердің профессорлық-оқытушылық құрамы ҚТЖ-да тағылымдамадан өтті. 23 ұстаз екі апта теміржол саласында теориялық білім алып, оқыту бағдарламасының екінші жартысын тәжірибемен ұштастырды.

Тағылымдама барысында қатысушыларға инновациялық залда «ҚТЖ-дағы цифрландыру» тақырыбында дәріс өткізілді. Оларға компаниядағы цифрландыру жұмыстары мен ЖИ енгізу бойынша бейнероликтер көрсетіліп, ауқымды ақпараттар берілді. Атап айтқанда, ЖИ енгізу үшін Ақпараттық технологиялар инфрақұрылымын жаңғырту, тасымал процесін цифрландыру жобалары туралы баяндалды.

– Бұл іс-шараның екі жаққа да тиімділігі зор болатыны сөзсіз. Себебі сіздер – теміржол сияқты үлкен салаға мамандар дайындап жүрген оқытушылар құрамысыздар. Болашақ теміржолшылар заманға сай сапалы білім алуы керек, соған екі жақтап атсалыссақ, теміржолымыз дамитыны анық. Сіздерге сәттілік тілеймін, – деді «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің HR-серіктесі Алма Сәулебаева.  

Бағдарлама шеңберінде ҚТЖ музейіне, Тасымалдарды басқарудың өңірлік орталығына экскурсия ұйымдастырылып, «Күйзеліске төзімділік» тақырыбында тренинг өткізілді. Сонымен қатар олар ҚТЖ бас ғимаратының 37-қабатындағы «Қысқы бақты» тамашалады. АСУ ЭДТ бағдарламасының қалай жұмыс істейтінін көріп, «Ақпараттық және автоматтандырылған жүйелер» оқу құралының таныстырылымына қатысты. ҚТЖ-дағы цифрландыру жұмыстарының бірден бір көрінісі – Бірыңғай цифрлық терезе жұмысы да көрсетілді. Астана станциясындағы дөңестік автоматтандырылған орталықтандыру жұмысымен, электрлі орталықтандырылған қосын қызметімен де танысты.  

– Бұл тағылымдама жобасына қатысуға ұсыныс айтылғанда мен қуана келістім. Себебі теория мен тәжірибедегі мамандардың өзара іс-қимылы – болашақ мамандарды оқытып-тәрбиелеуде өте тиімді әдіс. Өткен теориялық бөлімінде осы саланың нағыз мамандарынан көлік және логистика бағытында дәріс тыңдау мүмкіндігі берілді. Теориялық білім беру форматы ұнады, сұрақтарымызды емін-еркін қойдық. Ал қазіргі тәжірибелік дәрісте күн сайын темір жолда еңбек етіп жүрген қызметкерлердің өз аузынан осы саланың жай-күйі туралы тыңдау біліміңді екі есе арттырады, – дейді бағдарламаға қатысушылардың бірі, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті маркетинг және логистика кафедрасының доценті Әлия Аяғанова.  

Тағылымдама ҚТЖ мен еліміздің білім ошақтары арасындағы ынтымақтастық аясында жүзеге асырылуда.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды