Қоғамдық тыңдау өтті

Жаңалықтар
14.10.2025, 10:29
Суретті түсірген Абзал ҚАЛИЕВ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да 2026-2030 жылдарға электр энергиясын беру бойынша реттелетін қызметтерге компанияның тарифтік сметасы мен тарифін бекіту жөніндегі өтінімдерді қарау шеңберінде қоғамдық тыңдау өтті.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің электр энергетикасы саласындағы реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Наурызбай Тәукенов қатысушыларды қоғамдық тыңдаудың регламентімен таныстырды. Жария тыңдау ҚР «Табиғи монополиялар туралы» заңның 8-бабы 9-тармақшасына сәйкес өткізілді. Іс-шараға салалық теміржол ұйымдары, қауымдастықтар, ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы өкілдері және тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар қатысты.  

– Биыл маусым айының соңында ҚТЖ 2026-2030 жылдарға арналған реттелетін электр энергиясын беру қызметі бойынша жаңа бес жылдық тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту туралы өтініммен жүгінген болатын. Атап өтетін жайт, аталған реттелетін қызмет түрі бойынша тарифтің қолданылу мерзімі 2025 жылы аяқталады. Жария тыңдауды өткізудің мақсаты – ҚТЖ-ның реттелетін электр энергиясын беру қызметі бойынша өтінімдерді қарау рәсімінің ашықтығын, жариялылығын, тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілерінің мүдделер теңгерімін сақтау, сондай-ақ халықтың ақпараттандырылуын қамтамасыз ету, – деді Н.Тәукенов.  

Күн тәртібіне сәйкес ҚТЖ-ның электр энергиясын беру қыз меті бойынша тариф жобалары талқыланды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Магистральдық желі дирекциясы директорының орынбасары Александр Кирович электр энергиясын беру қызметі бойынша баяндама жасады.  

– Басты мақсат – жарамдылық мерзімі өтіп кеткен күштік трансформаторларды ауыстыру жолымен компанияның электр тарату желілері сенімділігін арттыру. Сонымен қатар кешенді тарату құрылғыларын заманауи түріне алмастыру арқылы компанияның электрмен қамту құрылғыларын жаңғырту көзделуде. Реттелетін қызметке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету, желіні күтіп ұстау мен пайдалану бойынша ағымдағы шығындарды жабу, электр желі нысандарының тозу деңгейін азайтуды да жоспарлап отырмыз, – деді А.Кирович.  

Жария тыңдаудың нәтижесі бойынша тариф жобаларын талқылау қорытындысы мен бекітілгеннен кейінгі тиісті бұйрықтар да комитеттің интернет-ресустарында шығарылатыны мәлімделді.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті