Білім ордасына – 80 жыл

Жаңалықтар
21.10.2025, 09:40
Оқуға 2 мин
Сурет: Астана әкімдігі
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол саласына орта буын мамандар дайындайтын Астана қаласының Жоғары ккөлік және коммуникация колледжінің 80 жылдық мерейтойы аясында «Көлік және логистика: жаңа ІТ мүмкіндіктер» атты республикалық форум өтті.  

Форумға Парламент депутаттары, Оқу-ағарту министрлігі, Астана қаласы мәслихаты, қоғамдық кеңес пен қала әкімдігінің білім басқармасы өкілдері, оқу орнының әлеуметтік серіктестері: «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «City Transportation Systems» ЖШС және серіктес білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.  

Форумның мақсаты – көлік-логистика саласындағы заманауи үрдістер мен даму перспективаларын талқылауға арналған диалог алаңын құру, жаңа ІТ-шешімдерді айқындау және енгізу, отандық және шетелдік сарапшылар арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ көлік пен логистикадағы цифрлық трансформация саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайту.  

Жиында сөз алған «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС бас директоры Асан Үмбетов ҚТЖ мен аталған колледж арасында бұрыннан тығыз қарым-қатынас орнатылғанын жеткізді. Серіктестік басшысы қазіргі таңда ҚТЖ-да жүк тасымалдайтын локомотивтердің серияларын, жаңадан алынған заманауи түрлерін слайдтар арқылы баяндап берді. Қазіргі локомотив бригадалары үшін барлық еңбек жағдайы жасалғанын айтты. Бас директор ҚТЖ атынан колледждің мерейтойына орай соңғы үлгідегі бір локомотив макетін сыйға тартты.  

Форум аясында «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша кәсіби шеберлік байқауы да ұйымдастырылып, Қазақстан, Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің колледждерінен 10 студент қатысты. Олар теміржол бойынша модульдік тапсырмаларды орындап, білімдерін сынады.  

 

Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды