Теміржолшылар «Ұлттық диктант» жобасына қатысуда

Жаңалықтар
31.10.2025, 10:05
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ қызметкерлері республикалық деңгейде өтіп жатқан «Ұлттық диктант» іс-шарасына белсенді атсалысуда. Жоба компанияның Орталық аппаратында бастау алып, оған 400-ден астам теміржол қызметкерлері қатысты. Теміржолшылар қазақ тілінде диктант жазып, білімі мен сауаттылығын сарапқа салды.

«Ұлттық диктант» іс-шарасын Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі мен Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы бірлесе өткізуде. Жоба биыл 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында бастау алған болатын. Оның мақсаты – жазу мәдениетін жетілдіру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру және тіл арқылы ұлттық бірегейлікті нығайту. Диктант офлайн және онлайн форматта өткізіліп, оған барлық азаматтар қатысуда. Онлайн диктантты www.til.kz сайтындағы арнайы парақшада кез келген уақытта орындауға мүмкіндік бар. Қатысушыларға электронды алғыс хатпен қатар KITAP платформасына тегін жазылуға мүмкіндік беріледі. Жоба нәтижелері жыл соңына дейін жарияланады. «Ұлттық диктант» дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілмек.  

– Мемлекеттік тіліміздің дамуы үшін маңызды осындай жобаны, республикалық мәдени-ағартушылық іс-шараны ҚТЖ компаниясының қолдап, оған бір адамдай жұмыла қатысып жатқанына қатты риза болып тұрмыз. Бұл сіздердің мемлекеттік тілге деген құрметіңізді көрсетеді. Хат жазып, ұсыныс білдіргенде сіздердің тарапыңыздан бірден қолдау тапты, сауатты жазу – тілге деген құрметтің ғана емес, әрбір адамның мәдениетінің белгісі, – деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің басқарма басшысы Талғат Жакенов.  

Диктантта А. Байтұрсыновтың «Қазақ» газетінде жазылған «Оқу жайы» атты мақаласы оқылды. Қатысушылардан тек жасы мен жынысы, қызметін ғана көрсету сұралды. Атыжөнін жазу міндеттелмеді. Диктантты жазып болған соң, оның дұрыс жазылған нұсқасы экранға шығарылып, қатысушылар қатемен өздері жұмыс істеді. Жалпы жоба соңында диктант жазу шамасына талдау жүргізіліп, халықтың сауатты жазу деңгейіне баға беріледі. ҚТЖ бойынша 8-9 қалада 3000- нан астам теміржолшы осы диктант жазуға қатысатын болады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті