Корпоративтік көшбасшыларға арналған III модульдік оқыту басталды

Жаңалықтар
04.11.2025, 09:04
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

ҚТЖ-да Адами ресустарды басқару департаментінің ұйымдастыруымен «Мамандық көшбасшылары» корпоративтік даму бағдарламасы бойынша ІІІ модульдік оқыту басталды.

100 адамды қамтитын оқыту бағдарламасы 5 күнге созылады. Алғашқы күні қатысушыларға «Үнемді өндіріс» тақырыбында сабақ өткізілді. Ал екінші күні жасанды интеллект, адам құқықтары және сан алуандық қағидаттары, гендерлік теңдік және зорлық-зомбылыққа қарсы тұру тақырыптарында дәрістер мен тренингтер өткізіледі.  

Үшінші күнгі сабақ «Күрделі келіссөздерді жүргізу» тақырыбына арналады. Төртінші күнде «Ойлау дизайны» тақырыбы қозғалып, соңғы күні қатысып жатқан барлық 9 команда өз жобаларының таныстырылымын өткізіп, көтерген тақырыптарын қорғайды.  

2022-2024 жылдары компания өндірістік қауіпсіздікті және жеке іскерлік қасиеттерді арттыруға бағытталған корпоративтік бағдарлама бойынша өңірлік және желілік деңгейдегі 700-ге жуық қызметкерді оқытты. Олардың арасынан анағұрлым белсенді мамандар, яғни шеберлер, нұсқаушылар, бас инженерлер мен қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизорлар, құрылымдық өндіріс басшыларын қосқанда ең үздік деген 100 маман іріктеліп алынған болатын. «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес-серіктесі Алма Сәулебаеваның айтуынша, бұл жоба саланы дамытатын көшбасшылардың кадрлық резервін қалыптастыруға септік етеді. Персоналды дамыту – компанияның бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығы жолындағы салынып жатқан инвестиция. Оқу нәтижесінде үздік қатысушылар серіктес-компанияларда тағылымдамадан өтіп, MBA, Mini MBA және магистратура, докторантура бағдарламалары бойынша оқытылады. Соңғы күні барлық қатысушылар сертификаттарға ие болып, үздік жобалар марапатталатын болады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті