«Жыл машинисі» байқауы мәреге жетті

Жаңалықтар
01.12.2025, 16:14
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Сабырхан Сейілбекұлы

Қызылорда облысы бойынша меншікті тілші

Қызылордада еліміздің түкпір-түкпірінен үздік локомотив машинистері бас қосқан республикалық «Жыл машинисі» байқауы мәреге жетті. Жыл сайын дәстүрге айналған бұл байқаудың бастауы да дәл осы деподан тарайтынын еске салсақ, оның Сыр елінде өтуі – машинист кәсібіне құрмет пен сенімнің көрінісі.

Сайыс барысында қатысушылардың білім-білігі мен тәжірибесі алға шықты. Әрбір тапсырма кәсіби сын мен қатаң талап шеңберінде машинист жұмысын жанжақты көрсетіп, конкурсанттардың техникалық регламенттерді жетік білуі, заманауи локомотив жүйелерін басқару, қауіпсіздік нормаларын бұлжытпай орындауы, шұғыл жағдайларда дұрыс шешім қабылдауы жан-жақты сараланды. 30 үміткердің арасынан жүзден жүйрікті таңдау оңайға соққан жоқ. 

 

Сайыс SevenBr оқу орталығында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға кәсіби шынайылыққа жақын орта қалыптастырылды. «ҚТЖ-ЖТ» ЖШС атқарушы директоры - локомотивтерді пайдалану департаменті директорының міндетін атқарушы Қуаныш Таутанов бастаған қазылар алқасы жинаған ұпай саны бойынша Семей өңірінің машинисі Ерлан Дюсенбин байқау жеңімпазы деп таныды. Ерланның сауалдарға қайтарған мінсіз жауабы мен теориялық дәлдігі, жоғары техникалық сауаттылығы, тапсырмаларды мүлтіксіз орындауы – бәрі-бәрі оның абсолютті жеңісіне бастайтын негізгі ерекшеліктері деді.  

Екінші орынға Қазалы айналым депосының машинисі Сұлтанбек Әбілов ие болды. Сұлтанбек те жауапкершілігі мен ұқыптылығы, нақты есепке құрылған жұмыс тәсілімен ерекшеленіп, үздіктер қатарынан лайықты орын алды.  

Үшінші орын Қарағанды депосының өкілі Алексей Панфиловқа бұйырды. Ол – тәжірибесі мол, техникалық көрсеткіштері жоғары маман ретінде қазылардың әділ бағасына ие болды.  

Қызылорда ЖТ бөлімшесінің бас инженері Күлхан Белкібаев байқау жеңімпаздарын құттықтап, теміржол көлігі тасымалындағы ең жауапты тұлға машинист мәртебесін арттыруға ықпал ететін бұл байқау – тек сайыс емес, кәсіби шеберлікті дамыту, қауіпсіздік мәдениетін нығайту, ұрпақтар сабақтастығын сақтау жолындағы игілікті бастама екеніне тоқталды.  

Байқау жеңімпаздары жеңіс тұғырына көтеріліп, арнайы жүлделермен марапатталды.  

 

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды