Өзара сенім мен ынтымақтастық жолында

Жаңалықтар
02.12.2025, 10:01
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Астанада «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Штадлер Қазақстан» ЖШС бірлесіп ұйымдастырған Қазақстан – Швейцария іскерлік кеңесінің бесінші отырысы өтті. Іс-шара Швейцарияның Экономика, білім және зерттеулер федералды департаментінің басшысы Ги Пармелен мырзаның ресми сапары аясында ұйымдастырылды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов және Stadler Rail Group Директорлар кеңесінің төрағасы Питер Шпулер отырыстың тең төрағалары болды. Кеңес жұмысына ABB, Kühne+Nagel, Constellium компанияларын қоса алғанда швейцариялық 25-тен астам жетекші кәсіпорындардың, Swissmem, JCC және Economiesuisse салалық ұйымдарының, Қазақстан тарапынан негізгі ұлттық компаниялар мен салалық бірлестіктердің өкілдері қатысты.  

Отырыс барысында машина жасау, ядролық энергетика, логистика, сауда және өнеркәсіп салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған келісімшарттарға қол қойылды. Олардың ішінде теміржол саласына қатысты келісімшарттар – ҚТЖ мен Stadler Rail Group арасындағы Стратегиялық әріптестікті жалғастыру туралы меморандум, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен «Штадлер Қазақстан» ЖШС арасындағы Қазақстандағы Stadler теміржол көлігі өндірісін дамытуға инвестициялар туралы келісім, Қазақстан машина жасаушылар одағы мен Swissmem арасындағы Машина жасаудағы өзара іс-қимыл туралы меморандум болды.  

– Төрт жыл бұрын бұл кеңес Женевада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапары аясында өтті. «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Stadler компаниясының стратегиялық серіктестігі сол кезде басталды. Ал екі жылдан кейін Астанада Stadler Kazakhstan өндірістік алаңы ашылды. Қазақстан экономикасының қарқынды дамып келе жатқаны айқын байқалуда. Осы ретте сол прогрестің қозғаушы күші Қазақстан темір жолымен бірге жұмыс істеуді жалғастыруға дайынбыз. Бұл кеңес біздің бизнес ынтымақтастықты нығайта түсуге септік етуде. Өзара сенім мен ынтымақтастықты дамыта отырып қос мемлекеттің өркендеуіне үлес қоса беретінімізге сенім білдіремін, – деді Stadler Rail AG Директорлар кеңесінің төрағасы Петер Шпулер.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов ұзақ уақыттан кейін кеңес өз қызметін қайта жандандырғанына және Қазақстан мен Швейцарияның іскер топтарына ынтымақтастықтың өзекті мәселелерімен кездесуге және талқылауға мүмкіндік бергеніне ризашылығын білдірді.  

– Бүгінгі таңда іскерлік кеңес қазақстандық және швейцариялық компаниялар арасында екіжақты маңызды құжаттарға қол қою алаңына айналғанына қуаныштымыз, бұл біздің елдеріміздің сауда-экономикалық ынтымақтастығын дамытуға қосымша серпін береді. Қазақстан Еуразиялық логистиканың маңызды буыны болып қала береді және еуропалық әріптестерге жүктерді транзитпен жеткізу және тасымалдау жолында қауіпсіз және болжамды шешімдерді ұсынады. ҚТЖ инфрақұрылымды жаңғыртудың, тасымалдау процесін цифрландырудың және магистральдардың өткізу қабілетін арттырудың ауқымды бағдарламасын іске асыруда. Мұның бәрі Швейцария компанияларымен ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Stadler компаниясымен стратегиялық әріптестікті табысты өнеркәсіптік кооперацияның жарқын мысалы ретінде атап өткім келеді. Қазақстанда жолаушылар вагондары өндірісін локализациялау біздің жолаушылар паркін жаңғыртуға және жаңа жоғары технологиялық саланы құруға ықпал етеді. Біз сондай-ақ цифрлық логистика, теміржол қауіпсіздігі, экологиялық таза технологиялар және Каспий теңізі порттарының инфрақұрылымын жаңғырту салаларындағы әріптестік те айтарлықтай әлеуетке ие екенін көріп отырмыз. ҚТЖ ынтымақтастыққа ашық және швейцариялық бизнестің біздің көлік дәліздерімізді нығайтатын, екі ел үшін де жаңа мүмкіндіктер жасайтын жобаларға қатысуын құптайды, – деді басқарма төрағасы.  

 

Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды