«Теміржол білгірлері»: білім һәм ақыл-ой жарысы

Жаңалықтар
16.12.2025, 11:51
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Форумның соңғы күнінде жастар «Теміржол білгірлері» зияткерлік ойынына қатысып, білімі мен ой ұшқырлығын сынады. Бұл жарыста қатысушылар өңірлерге бөлінбей, залда отырған жерінен аяқасты команда құрып, сол топпен ойынға қатысты.

Үш кезеңнен тұрған ойында оларға темір жолға қатысы жоқ, бірақ логикалық ойлау қабілетінің деңгейін көрсететін сұрақтар қойылды. 10 адамнан құралған әр команда берілген бланкке атаулары мен жауаптарын жазып тапсырып отырды. Бланктерді жинап алғаннан кейін ғана сахнадағы экраннан сұрақтардың жауаптары көрсетілді. Әр кезеңде 10 сұрақ қойылып, оған жауап беруге 30 секунд уақыт берілді. Бірінші кезең «Қызықты фактілер» деп аталып, онда мәселен «Адамға ол зат өмірінде 2 рет тегін беріледі, ал үшінші рет алғысы келсе, оған ақша төлеуі керек. Ол не?» деген сияқты сұрақтар қойылды. «Ассоциация» деп аталған екінші кезеңінде үш түрлі суретке ортақ тақырып табу тапсырмасы берілді. Ал соңғы кезең логикалық сұрақтардан тұрды.  

– Форумға 2017 жылдан бері қатысып келемін. Меніңше, бұл форумның жастарға берері өте көп. Барлық тренингтер мен шеберлік сабақтарында айтылған ақпараттарды жадымызға тоқып, жұмысымызға енгізуге тырысамыз. Әр жылы әр түрлі тақырыпта оқимыз, үйренеміз. Мәселен, көпшілік алдында сөйлеу өнері, даулы мәселелерді шешу жөнінде көптеген жақсы инсайттарды мысалдар келтіре отырып өте тиімді үйретеді. Форумға келіп, жан-жақты оқып, үйреніп, тұлғалық қасиеттерімді қалыптастырғаннан кейін көп жетістіктерге жеттім. 2023 жылы кәсібім бойынша үздік атандым, 2024 жылы НОДГП-10 бөлімшесінде өткен ПТЭ, ИСИ, ИДП жарыстарынан 1-орын алдым. Қазіргі таңда осы форумның жастарға жасаған мүмкіндігінің арқасында барынша өзіме қажетті ақпарат алып, алдағы уақытта Қазақстан темір жолының локомотив шаруашылығын дамытуға аз да болса өз үлесімді қоссам деп ойлаймын. Сонымен қатар Қазақстанның барлық аймағынан әріптес достар таптым. Осының өзі біздің жұмысымызды сапалы жүргізуге тәжірибе алмасу арқылы көп көмегін тигізуде. Жаңадан келіп жатқан қатысушыларға айтарым: ерінбеңіздер, форумнан барынша көп ақпарат жинаңыздар, тренингтерге қатысыңыздар, жан-жақты болуға тырысыңыздар, достарыңызды көбейтіңіздер, – дейді білім мен ақыл-ой жарысына қатысқан Қазалы локомотив айналым депосының машинист нұсқаушысы Тоқтар Алмаханов.

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті