Өнерге әркімнің-ақ бар таласы

Жаңалықтар
16.12.2025, 12:03
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жастар форумының алғашқы күні кешке жылдағыдай «Өңірлер бет-бейнесі» таныстыру бағдарламасы ұйымдастырылды. Әр өңірден келген жастар өздерін, өз аймақтарының ерекшелігін ән, би, өлең және видеолар арқылы таныстырып, 12 команданың өнеріне қазылар алқасы баға берді.

Биыл «Өңірлер бет-бейнесі» бағдарламасының тақырыбы – әлем елдері мен Қазақстан арасындағы байланысқа арналды. Алғаш болып сахнаға шыққан Жамбыл теміржолшылары көрші ел Ресейді таныстырып, сол мемлекетпен байланысты әндер, өлеңдер және өзара ынтымақтастықтың ерекшеліктерін көрсетті. Қарапайым теміржолшылар С.Есениннің өлеңдерін оқып, «Кавказская пленница», «Царь Иван Грозный» фильмдерінен үзінділер көрсетті, орыстың ұлттық биін орындады. Екінші болып өнер көрсеткен Ақмола мен Қостанай жастары бірігіп, Тәжікстан елін таныстырды. Тәжіктің ұлттық киімі мен тағамдарын көрсетіп, тәжікше ән шырқаған теміржолшы жастардың өнеріне көрермендер тәнті болды.  

Үшінші болып шыққан павлодарлық жастар Үндістан елін таныстырып, үнді киноларынан үзінді көрсетіп, биін биледі. Ал қарағандылықтар Әзербайжан елінің ерекшеліктерін паш етті. Видеода Бакуге саяхат жасап, ұлттық әні мен биін орындады. Бесінші болып шыққан Семей мен Өскемен жастары Италияның ұлттық ерекшеліктерін көрсетті. Гитарамен ән шырқап, тағамдарына да тоқталды.

Ал Алматы жастары видеода ЖИ технологиясын қолдана отырып, Арменияға саяхат жасады. Пойызға мініп, Арменияның табиғатын таныстырып, биін де билеп берді. Шымкенттік жастар өздері көрші отырған Өзбекстан елінің өнерін ортаға шығарды. Атақты өзбек әншілеріне пародия жасап, өлеңдерін оқыды. Қытай елін таныстырған Қызылорда жастары «Астана-Пекин» бағытындағы пойыздан видео көрсетіп, жолсеріктер әдемі ән шырқады.  

Ақтөбе мен Орал жастары Жапония елін таңдап, олардың ұлттық киімдерімен ән шырқады. Атыраулықтар беларусь әнін шырқап, қыздар ұлттық киімдерімен би биледі. Қырғызстанды таныстырған маңғыстаулық жастар екі елге ортақ «Көкпар» ойынын көрсету арқылы қойылым қойды. Олар екі елдің арасындағы ғасырларға созылған татулық пен достық жайын сөз етті. Соңғы шыққан Астана командасы Қазақстанды паш етіп, сонау Керей мен Жәнібек хандар құрған Қазақ хандығынан бастап, Абай заманы, Ұлы Отан соғысы, Тың игеру кезін арқау етіп, Тәуелсіздік жайлы әдемі ән, қойылымдар, билер арқылы жоғары деңгейде жеткізе білді.  

Қазылар алқасы ерекше өнер көрсеткен командаларды атап өтіп, сын-ескертпелерін де айтты. Байқау нәтижесі форумның жабылу рәсімінде белгілі болады.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті