Жаңа кезең көшбасшысы қандай болмақ?

Жаңалықтар
16.12.2025, 12:09
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Форум аясында теміржол жастары түрлі тренер, коучтардан өздерін дамыту бойынша жан-жақты білім алды. Соның бірі «Жаңа кезең көшбасшылығы: жеке тиімділік пен ықпал ету машықтарын дамыту» деп аталды. Оны жылда осы форумда спикер болатын бизнес жаттықтырушы Айбатыр Турешов жүргізді.

– Мен бұл тренинг барысында өзгерістерді басқару тақырыбын жанжақты қамтып өттім. Алдымен қатысушылармен бірге парадигмалардың не екенін, олардың түрлерін және адамның ойлау жүйесі мен жұмыс стиліне қалай әсер ететінін талқыладық. Материалды жеңіл әрі қызықты қабылдау үшін барлығын геймификация форматы арқылы өткіздік. Ойын элементтері қатысушыларға ақпаратты тез меңгеруге және оны нақты жұмыс жағдайларында қолдануға көмектесті. Сонымен қатар біз Кюблер-Росс моделін қарастырдық, онда өзгерістерді қабылдаудың 5 кезеңі сипатталады: жоққа шығару, ашу, саудаласу, күйзеліс және қабылдау. Әр кезеңде адамның реакциясы қалай өзгеретінін, бұл процестер командалық жұмысқа қалай ықпал ететінін және басшы ретінде осы жағдайларда қандай стратегия қолдану керектігін талдадық, – дейді бизнес жаттықтырушы.  

Тренингтің маңызды бөлігі қатысушылардың бір-бірімен тәжірибе алмасуы болды. Олар өздерінің білімімен бөлісіп, нақты жұмыс сәттерін талқылап, бір-бірінен жаңа ой-тұжырымдар алды. Жалпы алғанда тренингтің мақсаты – өзгерістердің адамға психологиялық әсерін түсіну, басшының осы процестерді тиімді басқаруына көмектесу және өзгерістерге бейімделу арқылы лидердің тұлғалық әрі кәсіби дамуын күшейту.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Экспресс» филиалының жолсерігі, алматылық Қайрат Арсен оқу барысында көңілге түйгені көп болғанын жеткізді. Жақында «Жас үздік маман» байқауының жеңімпазы атанған ол ҚТЖ-ның жыл сайынғы республикалық жастар форумына қатысып келе жатқанын мақтанышпен айтады.  

– Форумды ұйымдастырушыларға, Ақмарал Жарасқызы мен оның командасына, біздің өңірлік өкіл Данияр Саматұлына, жаттықтырушыларға шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Кезекті бұл тренинг өте пайдалы болды: біз нақты жұмыс жағдайларын талдадық, күнделікті жұмыста қолдануға болатын жаңа білім мен практикалық құралдарды алдық. Формат өте «жанды» түрде өтті, тәжірибе алмасу көп болды, бұл оқуды шынымен тиімді етеді. Мен үшін ҚТЖ форумына қатысу – дамудың, жаңа білім алудың және түрлі өңірлердегі әріптестермен тәжірибе алмасудың бірегей мүмкіндігі. Форум мені шабыттандырды, жаңа перспективаларға жол ашады және алға ұмтылуға ынталандырады, – дейді ол.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті