Ақтаулық студент WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионатында үздік шықты

Жаңалықтар
16.12.2025, 12:26
Суретті түсірген автор
Шахида Жұман

Маңғыстау облысы бойынша меншікті тілші

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Астанада өткен WorldSkills Kazakhstan 2025 ұлттық чемпионатына қатысқан болашақ теміржолшы М.Тынышбаев атындағы Ақтау ALT көлік колледжінің студенті Бексұлтан Байдулла ІІ орынды алды.

Өз саласы бойынша елорда төрінде бақ сынаған ол Ақтау ALT көлік колледжінің «Локомотивті басқару» құзыреттілігі бағытында өзгелерден озық шығып, оқу ордасының атын төрге оздырды. Аймақтың абыройын асқақтатты.  

– Бұл жетістік – шәкіртіміздің үздік дайындық деңгейінің, кәсіби шеберлігі мен талмай ізденуінің нәтижесі. Бексұлтан колледжіміздің мерейін арттырып, болашақ теміржол маманы ретінде өзінің жоғары әлеуетін дәлелдеді. Оның табысы – түбек теміржолшыларын даярлау «шеберханасына» айналған оқу ордамыздың және ондағы ұстаздарымыздың ерен еңбегі мен қолдауының, сондай-ақ өзінің талаптылығы, табандылығының жемісі, – дейді студенттің жетекшісі Жаухар Тоғызбаева.  

Колледж басшылығы да Бексұлтанды жеңісімен құттықтап, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, кәсіби жолында үлкен жетістіктерге жететініне сенім артты.  

 

Аймақтар
01.08.2026
Орал станциясының жаңартылған вокзалы ауқымды жаңғыртудан кейін есігін ашты
Инфрақұрылым
01.08.2026
Қандыағаш-Тобыл темір жол учаскесін жаңғыртудың екінші кезеңі аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Ақмола облысында 5 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
01.08.2026
Шығыс Қазақстан облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жамбыл облысында боранды теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Жетісу облысында жолаушылар инфрақұрылымының екі нысанын жаңғырту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Ұлытау облысында 3 теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
31.07.2026
Павлодар облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
31.07.2026
Күш адамдар бойында: ҚТЖ кәсіби мерекеге орай өндіріс озаттарын марапаттады
Аймақтар
31.07.2026
Атырауда үш вокзал ашылды
Аймақтар
31.07.2026
Ақтөбе облысында екі теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
ҚТЖ келбеті
31.07.2026
Бурабайлықтар көш басында
Цифрландыру
31.07.2026
Темір жолдың цифрлық жүрегі
Жаңалықтар
31.07.2026
Алғыс айтты
Жаңалықтар
31.07.2026
Үздік станция – Астана-1
Жаңалықтар
31.07.2026
Республикалық байқау өтті
Аймақтар
31.07.2026
Еңбек ер атандырған Ерлан
Аймақтар
31.07.2026
Аягөздің абыройлы азаматы
Аймақтар
31.07.2026
Достық – мүмкіндіктер мекені
Аймақтар
31.07.2026
Түбекке танымал тұлға