Теміржолшылар жайлы жаңа телехикая көрсетілімде

Жаңалықтар
06.01.2026, 11:17
Оқуға 1 мин
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол туралы тұңғыш рет түсірілген «Жолдар» телехикаясы 12 қаңтардан бастап «Хабар» арнасында көрсетіле бастайды. Қазақстандық теміржолшылар жайлы туындыда комедия мен драма элементтері тоғысқан, сонымен қатар достық, сезім, бәсекелестік және ұрпақтар сабақтастығы кеңінен көрініс табады.

Бұл сериал пойыздағы шынайы өмірді, жолсеріктердің күнделікті қызу тірлігін көрсетеді. Осы арқылы мыңдаған жолаушының жайлылығы үшін барын сала еңбек етіп жүрген жандарды терең тани түсеміз. Бұл өмірде бәріміз – жолға шыққан жолаушымыз, ал пойыздағы сапардың қызықтары таусылмас әңгімеге айналады.  

Басты кейіпкер – темір жолда көп жыл қызмет еткен тәжірибелі жолсерік. Ал жаңа қосылған жас та жігерлі әріптестер ескі тәртіпті өзгертуге тырысады. Тәжірибе мен жаңашылдық тартысқа түскен ұжым ортақ шешімдер іздеуге мәжбүр болады. Сериалда танымал актерлерден Алмат Сақатов, Еділ Анарбай, Гүлшат Такежанова ойнайды.

Тағы бір қызықты тұсы, өмірде теміржол саласында жұмыс істейтін жолсерік сериалда өз рөлін сомдайды. Оның нақты кім екенін білу үшін міндетті түрде сериалды көру керек. Түсірілім Алматыдағы темір жолда, теміржол станцияларында өтті, сондықтан әр кадрдан шынайылық сезіледі. Жолаушылар мен жолсеріктердің бастан кешкендері арқылы нағыз өмір көрсетіледі.  

15 бөлімдік қызықты әрі шуақты сериал ешкімді бейжай қалдырмайды. Премьераны 12 қаңтар күні кешкі сағат 22:00-де «Хабар» арнасынан көріңіздер!

 

Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет