Туризмді дамыту сөз болды

Жаңалықтар
30.01.2026, 08:47
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Осы аптадағы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев туризмді дамытуда көлік саласы маңызды рөл атқаратынын айтты.  

Көлік саласы өңірлердегі туристік дестинациялардың қолжетімділігін арттырып, туристердің еркін қозғалуына мүмкіндік береді деп санайды министр.  

– Теміржол саласында жолаушылар вагондары паркін жүйелі жаңарту жүргізілуде. 2025 жылы 175 жаңа вагон сатып алынды. Биыл 191 вагон алу жоспарлануда. Жалпы 2030 жылға дейін шамамен 800 вагон жаңартылады, 2026 жылы – 191, 2027 жылы – 104, 2028 жылы – 105, 2029 жылы – 104, 2030 жылы 102 вагон алынады. Бұл вагон паркін 90 пайызға жаңартуға мүмкіндік береді, – деді министр.  

Сонымен қатар ол 2026 жылдың жазғы маусымында халықтың сұранысына сәйкес 13 қосымша бағдар ұйымдастырылып, шамамен 400 мың қосымша орын ұсынылатынын жеткізді.  

– Алакөл бағытына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл бағытта 8 қосымша пойыз (12-18 вагон) болады. Жалпы Астанадан аптасына 2 рет, Алматыдан күнара 2 пойыз, Семей және Өскеменнен күнара 1 пойыз қатынайды, сонымен қатар Алматы – Достық, Қызылорда – Достық және Павлодар – Достық қосымша тіркелмелі вагондар бар. Сонымен қатар туристік дестинацияларда орналасқан 19 теміржол вокзалына жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, – деді Нұрлан Сауранбаев.

 

 

Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды
Жүк тасымалы
14.10.2026
ҚТЖ Орталық Азия елдеріне астық тасымалдауды 33% арттырды
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан мен Бельгия порттар арасындағы серіктестікті дамытуды көздейді
Жаңалықтар
14.10.2026
Қазақстан арқылы транзиттік тасымал көлемі 13,1%-ға өсті
Жаңалықтар
13.10.2026
Теміржолшылар «Семей орманы» резерватында 3500 қарағай көшетін отырғызды
Әлемде
13.10.2026
Stadler АҚШ нарығына арналған алғашқы аккумулятордан қуат алатын пойызды таныстырды
Жаңалықтар
13.10.2026
ҚТЖ өндірістік оқыту жүйесін жетілдіруде
Сұхбат
13.10.2026
Шығыннан – тиімділікке дейін
Жаңалықтар
13.10.2026
«Жас үздік маман» байқауы мәреге жетті
Аймақтар
13.10.2026
417 теміржолшы білімін арттырды
Қауіпсіздік
13.10.2026
Теміржолда балаларды тасымалдау кезінде санитарлық талаптарды сақтау ескертілді
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті