Орта дәлізді дамыту үшін күш біріктіруде

Жаңалықтар
24.04.2026, 09:17
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол ынтымақтастығы ұйымының мерейтойлық іс-шарасы шеңберінде ҚТЖ-ның ғимаратында компанияның басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновтің «Польша мемлекеттік темір жолдары» АҚ басқарма төрағасы, әрі Еуропалық теміржол және инфрақұрылымдық компаниялар қауымдастығын (CER) басқаратын Алан Бероудпен жұмыс кездесуі өтті.

Тарқатып айтқанда, CER, яғни Сommunity of European Railway and Infrastructure Companies – халықаралық тасымалды дамытуды қоса алғанда, салалық күн тәртібін қалыптастыратын Еуропаның жетекші теміржол және инфрақұрылымдық компанияларының бірлестігі. Қауымдастық 1988 жылы Брюссельде құрылды және 70-ке жуық теміржол кәсіпорындарын біріктіреді.  

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту шеңберінде одан әрі екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Сонымен қатар олар Қазақстан мен Польша темір жолдары арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған басқа да көптеген мәселелерді қарастырды. ҚТЖ мен Польша Мемлекеттік темір жолдарының тасымалдау компаниялары арасындағы жүк тасымалы саласындағы өзара іс-қимылға, сондай-ақ декарбонизация мен экологиялық таза технологияларды қоса алғанда, заманауи энергетикалық шешімдерді енгізу бойынша тәжірибе алмасуға басты назар аударылды.  

Екі елдің теміржол серіктестігі 2026 жылы өсу қарқынын көрсетуде, яғни I тоқсанның қорытындысы бойынша елдер арасындағы теміржол тасымалының жалпы көлемі 1,5 есеге артып, 752 мың тоннаға жетті.  

Қазақстандық экспорт құрылымында да оң динамика байқалады: Польша мемлекеті бағытында көмір жеткізу 6 есе, химиялық өнім экспорты 2,8 есе өсті, ал астықты жөнелту көлемі еуропалық нарықтардағы жоғары сұранысты көрсете отырып, бірнеше есе өсуді көрсетті.  

Бір мезгілде Қазақстанның негізгі транзиттік буын ретіндегі рөлі күшейе түсуде: Қытай – Польша бағыты бойынша контейнерлік тасымал 2026 жылдың алғашқы үш айында 44% ұлғайып, 75,4 мың ЖФЭ-ні құрады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ТХКБ шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екенін растады.  

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті