Жауапкершілік жүгі ауыр

Жаңалықтар
19.05.2026, 08:32
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Теміржол саласында әртүрлі қызметтің тізгінін ұстаған маман иелерін көптеп кездестіруге болады. Алайда, оларды байланыстыратын ортақ нәрсе, ол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ал пойыз диспетчері үшін бұл – үлкен жауапкершілік. Кейіпкеріміз Нұрбол Жекенов – осы жауапкершілік үдесінен табыла білген маман.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Тасымалдау процесі дирекциясының Тасымалды басқарудың өңірлік орталығы филиалына (РЦУП-3) жақында Алматыдағы орталықтан ауысып келген пойыз диспетчерін қызу жұмыс үстінде кездестірдік. Оның айналасына қарауға мұршасы жоқ. Рациямен әріптестеріне кезек-кезек шығып немесе қоңырауға жауап беріп жатқаны. Үстелінің үстіндегі пойыздардың орындалатын қозғалыс кестесі жазылған үлкен бланк қағаздан оның Көкшетаудан Петропавлға дейін және Көкшетаудан Қызылтуға дейінгі аралықтың қозғалыс қауіпсіздігіне жауапты екенін көрдік. Бұл аралықта ол 20 шақты станция мен бекеттің жолындағы қозғалысты бақылап отырады.  

– Пойыз диспетчерінің жауапкершілік жүгі ауыр. Көрші телімдердегі диспетчерлермен тұрақты байланыста боламын. Қай бағыттан қандай пойыздар келе жатқанын қадағалаймын. Станциялардан пойыздардың орналасуы жөнінде мәлімет алып отырамын. Сұрыптау станцияларындағы вагондардың санын да бақылаймын. Әрбір жолдың өз бағытына сәйкес пойыздарды құрастырамын. Оларды дайын құрам ретінде белгілі бір бағыттарға жіберу үшін алдын ала жоспар жасаймын, – деді бізге бір сәт уақыт тауып сала маманы.  

Абай облысындағы Аягөз қаласындағы мектеп-гимназияның 9-сыныбын бітірген бойда Алматы көлік және коммуникация колледжіне оқуға түіп, оны 2012 жылы аяқтап, еңбек жолын Жаңасемей станциясында бағыттама постының кезекшісі болып бастаған екен. Әрі қарай аға бағыттама пост кезекшісі, пойыз құрастырушы, дөңес кезекшісі, маневрлік диспетчер болып 2022 жылға дейін еңбек етті. Осындай мол тәжірибемен сол жылы Алматыда ашылған РЦУП-3-те пойыз диспетчері және бөлімше бойынша кезекші болып жұмыс істеді. Ал биыл Астанаға ауысыпты.  

– Темір жол – күрделі жүйе. Ондағы әр адам – сол жүйенің маңызды бір тетігі. Әр тетіктің үйлесімді жұмысы жалпы қозғалыстың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Диспетчердің негізгі міндеті – осы процесті үйлестіру. Сондай-ақ тапсырмалардың уақытылы орындалуын қадағалау. Пойыздардың қозғалысын және жолдардың жүктемесін нақты бақылауда ұстау, – дейді теміржолшы.  

Он төрт жылдық тәжірибесі бар теміржолшы көптеген марапаттарға ие болып, біліктілігін арттырғаны үшін сертификаттар алған. Ол өмірде кәсібін дұрыс таңдағанына дән риза.  

 

Әлемде
19.08.2026
Еуропада жүк вагондарының дөңгелектерін тексеру талаптары күшейтіледі
Жаңалықтар
18.08.2026
Еліміздің алты өңірінде 2 мыңнан астам жүргізуші ҚТЖ-ның «Қауіпсіз өткел» акциясына қатысты
Жолаушылар тасымалы
18.08.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ пойыздарымен 7,5 млн жолаушы тасымалданды
Әлеумет
18.08.2026
ҚТЖ: отандық өндірушілерді қолдайды
Аймақтар
18.08.2026
Жүктемесі жоғары өткелдерде рейд өтті
Аймақтар
18.08.2026
Басты өлшем – қозғалыс қауіпсіздігі
Аймақтар
18.08.2026
Бурыл станциясында «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Қауіпсіздік
18.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар өткелдердегі қауіпсіздікті күшейтуде
Аймақтар
18.08.2026
Мал басу азайды
Аймақтар
18.08.2026
Еңбек заңнамасы талқыланды
ҚТЖ келбеті
18.08.2026
Коллекционер теміржолшы
Аймақтар
18.08.2026
Торқалы тоқсанға келген теміржолшы
Жаңалықтар
18.08.2026
Теміржол вокзалдарын жаңғырту Жетісу облысында жалғасуда
Жаңалықтар / Мұрағат
18.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №65 18 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
17.08.2026
Балалар лагерінде темір жолдағы қауіпсіздік бойынша профилактикалық іс-шара өтті
Спорт
17.08.2026
Теміржолшы пара-пауэрлифтингтен Қазақстан чемпионатында күміс алды
Әлемде
17.08.2026
Қауыннан жасалған «пойыз»
Жүк тасымалы / Апта саны
17.08.2026
ҚТЖ желісімен 184 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Әлемде
17.08.2026
Литваға 12 жаңа Stadler Flirt пойызы жеткізілді
Жаңалықтар
17.08.2026
Алматы облысында жаңа логистикалық орталық ашылды