Астанада кәсіби шеберлік чемпионаты өтті

Жаңалықтар
26.05.2026, 08:35
Сурет: Астана әкімдігі
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Елордада XI қалалық «WorldSkills Astana-2026» кәсіби шеберлік чемпионаты өтті. Жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және техникалық-кәсіптік білім беру саласындағы үздік тәжірибелерді насихаттауға бағытталған ауқымды шарада электровозды басқару, теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару салалары да қамтылған.

Биылғы чемпионатқа 55 құзыреттілік бойынша 347 қатысушы бақ сынауда. Сонымен қатар жарыстың әділ әрі сапалы өтуін қамтамасыз ету мақсатында 291 сарапшы тартылған. Атап айтқанда, веб-технологиялар, мобильді қосымшаларды әзірлеу, желілік және жүйелік әкімшілендіру, ақпараттық қауіпсіздік, бизнестегі IT шешімдер, АКТ желілерінің инфрақұрылымы, мехатроника, мобильді робототехника, өнеркәсіптік автоматика, электроника, дәнекерлеу технологиялары, СББ станоктарындағы токарлық және фрезерлік жұмыстар, зертханалық және химиялық талдау, кірпіш қалау, сантехника және жылыту, құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары, плиткамен қаптау, электрмонтаждау, әрлеу және сәндік жұмыстар, графикалық дизайн, сән технологиялары, компьютерлік ойындарды 3D модельдеу, жеңіл автокөліктерді жөндеу және қызмет көрсету, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану, аспаз және кондитерлік іс, шаштараз өнері, наубайхана ісі, прототиптеу, мейрамхана қызметі, бастауыш сыныптарда оқыту, шанақ жөндеу, ағаш шеберлігі, кәсіпкерлік, E-mobility, қонақүй әкімшілігі, флористика, мобилография, мектепке дейінгі білім беру, бейнемонтаж, бұлттық бағдарламалау, электровозды басқару, теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару, Industry 4.0, ландшафтық дизайн және интернет-маркетинг бағыттары қамтылған. Бүгін жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, марапатталады.

 

Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды
Инфрақұрылым
07.09.2026
Көлік саласындағы ірі жобалар Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырды
Аймақтар
05.09.2026
Сарыағаш вокзалы жаңғыртылып, жолаушылар үшін қайта ашылды
Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұжымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті