Донор болу – сауапты іс

Жаңалықтар
05.06.2026, 08:43
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Қазақстандық теміржолшылар «Донор күні» акциясына белсенді атсалысып, сауапты істі жалғастыруда. Осы аптада ҚТЖ бас ғимаратына келген жылжымалы медициналық комплексте компанияның Адами ресурстарды басқару департаментінің ұйымдастыруымен 107 теміржолшы қан тапсырды.

Екі күн бойы өткен акцияға теміржолшылар белсенді түрде атсалысты. Олардың қатарында 15-20 жылдан бері донор болып келе жатқан теміржолшылар да, енді қан тапсырған жас донорлар да бар. Дәрігерлер олардың денсаулығын тексеріп, қан тапсыруға жарамды деген теміржолшыларды қалдырды. Талаптарды білетін теміржолшылар қан тапсырар алдындағы күні кешке майлы, қуырылған және ащы тамақ жемей, сүт өнімдерін және ішімдік ішпей келуі керек. Ал тура қан беретін күні міндетті түрде таңғы ас ішіп, суға қайнатылған ботқа, шай, тәтті печенье жесе болады. Бір сағат бұрын және қан тапсырғаннан кейін бір сағат өтпей темекі шегуге болмайды. Донор болған күні тынығып ұйықтау керек, ауыр заттар көтермеу қажет.  

Тәжірибелі донорлардың бірі, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы Бизнес-архитектура департаментінің бас менеджері Жанбота Шәкіров 20 жылдан бері мұқтаж жандар үшін қан тапсырып келеді.  

– Донор болу – сауапты іс, жылына 3-4 рет қан тапсыруға болады. Өзім адамдарға пайдам тиіп, қиналған жандарға көмек қолын созу үшін тұрақты қан тапсырам. Қазір жасым 45-те, денсаулығым жақсы, темекі тартпаймын, салауатты өмір салтын ұстанамын, қан тапсырудың адам ағзасына тигізер оң әсері көп, – дейді ол.  

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Донор күні» акциясы ҚТЖ-да барлық өңірлерде тұрақты өткізіліп тұрады.

Жаңалықтар
11.08.2026
Үкіметте теміржол вокзалдарын жаңғырту мәселелері талқыланды
Инфрақұрылым
11.08.2026
ҚТЖ-да инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы аясында ауқымды жұмыс атқарылуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Маңғыстауда рейдтік іс-шаралар жалғасуда
Қауіпсіздік
11.08.2026
Қауіпсіз өткел: Шымкент жол дистанциясында профилактикалық акция өтті
Аймақтар
11.08.2026
Ақтөбе өңірінде жүк тасымалы артты
Спорт
11.08.2026
ҚТЖ құрамасы – үш дүркін чемпион!
Аймақтар
11.08.2026
Абай мұрасы ұлықталды
Жаңалықтар
11.08.2026
Құрметті демалысқа шығарып салды
Жаңалықтар / Мұрағат
11.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №63 11 тамыз 2026 жыл
Спорт
10.08.2026
Нұржан Сағидоллинов армрестлингтен күміс медаль жеңіп алды
Спорт
10.08.2026
Алла Штрошерер ҚТЖ құрамасының қоржынына қола медаль салды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ ерлер құрамасы баскетболдан күміс жүлдегер атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ әйелдер құрамасы волейболдан спартакиаданың күміс жүлдегері атанды
Спорт
10.08.2026
Сымбат Нәсіп армрестлингтен чемпион атанды
Спорт
10.08.2026
ҚТЖ футзалшылары «Самұрық-Қазына» спартакиадасында қола медаль жеңіп алды
Аймақтар
10.08.2026
Қауіпсіздік – баршаға ортақ талап
Әлемде
10.08.2026
Грузия теміржолды жаңартуға 1,7 млрд доллар бөлмек
Әлемде
10.08.2026
ЕО елдерінде халықаралық пойыз билеттерінен ҚҚС-ты алып тастау ұсынылды
Жаңалықтар
10.08.2026
«Қарасора-2026»: есірткіге қарсы күрес
Аймақтар
10.08.2026
Тараз филиалының күзет қызметкерлері жаңа формамен толық қамтылд