Донорлар қатары артуда

Жаңалықтар
21.08.2026, 08:47
Оқуға 1 мин
Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимараты жанында компанияның Адами ресурстарды басқару департаменті мен Астанадағы трансфузиология орталығы бірлесіп Донор күнін өткізді.

Аталған департаменттің бас менеджері Талған Езгужановтың айтуынша, қан тапсыру арқылы қайырымдылық іс-шарасына теміржолшылар үнемі белсенді атсалысады. Сала мамандарының арасында «Құрметті донор» куәлігіне ие донорлар аз емес және олардың қатары артып келеді. Олардың бірқатары 15-20 жылдан бері тұрақты қан тапсырады. Бұған қатысу үшін әлеуетті донорларға 24 сағат ішінде майлы және сүтті тағамдар жемеу, 72 сағат бұрын дәрі ішпеу деген сынды бірқатар талап қойылады. Бұл жолы да 65 адамнан 51 адам жарамды деп танылып, қан тапсырды.  

– Денсаулығына байланысты мұқтаж жандарға бір көмегім болар деп қан тапсырып жүргеніме 2 жылдай болды. Өзімнің денсаулығым өте жақсы, волейбол ойнап, спортпен шұғылданамын. Дұрыс тамақтанып, зиянды әдеттерден аулақ болуға тырысамын. Жылына 2 рет қан тапсырамын, – дейді компанияның «Біріктірілген жоспарлау дирекциясы» филиалының менеджері Меңдібек Зият.  

Донор күні биыл ҚТЖ бас ғимаратында үшінші рет өткізіліп отыр. Орталық дәрігерлері теміржолшылар арасында донорлар қатары артып жатқанын ерекше атап өтті.  

 

Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ ALT университетінің студенттері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті
Жүк тасымалы
07.10.2026
Қазақстан астық тасымалдауда рекорд жаңартты
Әлемде
07.10.2026
Швейцарияда тісті теміржолға арналған гибридті локомотивтер жасалады
Жаңалықтар
07.10.2026
ҚТЖ-да «Самұрықнама» аясында Қауіпсіздік мектебі іске қосылды
Инфрақұрылым
06.10.2026
Биыл елімізде 1 056 шақырым теміржол жол жаңартылды
Жаңалықтар
06.10.2026
ҚТЖ локомотив паркі 18 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
06.10.2026
Алматы-1 вокзалы жаңа келбетпен ашылмақ
Жаңалықтар
06.10.2026
«Нұр Жолы – Қорғас» бағытында жүк күту уақыты 10 есеге қысқарды
Жаңалықтар
06.10.2026
Жаңа мамандықтарға сұраныс бар
Цифрландыру
06.10.2026
«Цифрлық станция» мен «Автоматты диспетчер»: үздік жобалар анықталды
Трансформация
06.10.2026
Теміржолшы құрметіне зертхана ашылды
Цифрландыру
06.10.2026
Вайбкодинг: болашақ мамандарға жаңа мүмкіндік
Аймақтар
06.10.2026
Жас теміржолшылар Ертіс жағалауын абаттандырды
Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды