Жаңғыртылудан кейін жаңалық көп
Темір жолдың байланыс саласының соңғы жылдардағы жаңғыртылуынан кейін ескі құрылғылар заманауи түрлерімен алмастырылып, бұл қолайлы еңбек жағдайы мен өндірістік қауіпсіздікті нығайтуға, жалпы сала қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндіктер ашуда.
Солардың бірқатары Астана белгі беру және байланыс дистанциясында да жүзеге асырылып жатыр. Мекеменің бас инженері Мұхтарбай Битеміровтың айтуынша, соңғы 4 жылдағы басты өзгеріс мекемеге қарасты Дөңес постында бұрынғы механикалық жүйенің орнына ГАЦ-АРС ГДСС қондырылуы. Толығымен микропроцессорлық элементтерден тұратын жаңа жүйе арқылы орын алатын аудан көлемі азайып, бос орын аумағы артқан. Тағы бір артықшылығы, қауіпсіздік мәселесі жақсарып, жүйе автоматты түрде басқарылатын, жылдамдық реттеу автоматты түрде жүзеге асырылатын, адами фактор жойылатын болды. Сонымен қатар жүйе арқылы диагностика жасалып, хаттама да өздігінен жазылып тұрады. Ол хаттама бір ай бойына сақталады. Бас инженер осындай жетістіктерімен бөлісе келе, биылғы тәуелсіздіктің 25-ші жылындағы қол жеткізгендерін айтқанда, осы жылы бағыттама бұрмаларын басқаруға арналған 95 электр жетек алынатынын жеткізді.
– Ұлттық компания мен «Alstom» компаниясы арасындағы қол қойылған Меморандум бойынша бұл компания бізге барлық темір жол саласына 10 мың электр жетек жасап шығаратын болды. Соның 436-сын біздің дистанция алу керек. Былтыр 128-н алып орнаттық. Биыл 95-і. Осылайша келесі жылдары да алып отырамыз. Ал енді бұл қондырғының не артықшылығы бар? Бұрынғы СПС-6 орнына салынатын жаңа электр жетек те қызмет көрсетілмейтін қондырғы. Яғни, оны электр монтерлер ашып, ақтарып, жөндеп жатпайды. Жабық дүние. Жарамдылығы 10 жылға жуық. Пойыздарды жолға салғанда, бағыттарын бұрғанда қажет етілетін құралдың тиімділігі зор, – дейді бас инженер.
Бұл осы жылдың үлесіне тиер жаңалық болса, дистанцияның келер жылғы ең басты жаңалығы, 2017 жылы сәуір айынан бастап қондырылатын Эбилог-950 МПЦ болғалы отыр. Салынып жатқан Астананың жаңа вокзалы мен Астана–Қырқыншы станциялары аралығындағы техникалық парктегі байланыс жүйесіне орнатылатын Эбилог-950 бір орталықтан басқаруды қамтамасыз етеді.
– Бізде бүгінде қызмет көрсету телімдерімізде 11 ЭЦ посты бар. Оның міндеті – станция жолдарындағы бағыттама бұрмалары, бағдаршамдар қызметін реттеу. Ал жаңа жүйе арқылы осы постылардың керек болмайды. 34 бағыттама бұрмасына 1 модульдік жаңа жүйе жеткілікті. Оны жаңа вокзал ғимаратындағы станция кезекшілері бақылап, басқарып отырмақ. Мұнда да артықшылықтары – автоматты түрде диагностика, хаттама жасалады, үздіксіз қоректену көзіне ие. Сонымен қатар орын алатын аумақ көлемінің азаюы, – дейді М. Битеміров.
Дистанцияның қызмет көрсету телімі бойынша үш темір жол бағыты бар: Ерейментау, Ақкөл және Жалтыр бағыттары. 2008 жылдан бері осы үш бағыттағы белгі беру жүйесі микропроцессорлық диспетчерлік орталықтандырылуға көшірілген. Немон және ЮГ деп аталатын диспетчерлік орталықтандырылу жүйесіне қосылған. Жалпы мекеме бойынша 7 диспетчерлік шеңбер бар.
Өткен ғасырдың ортасында құрылған мекемеде бүгінде жоғарыда аталған ауқымды жұмыстарда барлығы 333 адам еңбек етеді. Қызмет көрсету телімі 11,9 км бір жолды автоблокировка, 223,299 км екі жолды автоблокировка жолынан тұрады. 436 бағыттама бұрма, 11 ЭЦ посты бар. Осы аумақта биыл 5 қыркүйекте басталған күзгі комиссиялық байқау нәтижесінде 36 ескерту берілген. Бас инженер оның 29-ы бойынша кемшіліктер жойылғанын айтады. Ал қалғандарын орындауға қосымша қаражат қажет етіледі.
Райхан РАХМЕТОВА
Жаңалықтар / Мұрағат
13.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №81 13 қазан 2026 жыл
Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді