Машина жасау саласының жетістіктері
Жаңалықтар
20.12.2016, 10:20
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерінің шоқтығы биік шыңы – Машина жасау саласында қол жеткізген табыстары десек артық емес. Бүгінде темір жол көлігінің машинажасау саласы жылжымалы құрамның бірнеше түрін жасайтын зауыттар мен жол құрылысының қажетті материалдарын шығаратын өндіріс орындарымен мақтана алады.
Локомотив құрастыру зауыты
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес кәсіпорны «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ «Қазақстанның Күшейтілген Индустриялы Инновациялық Дамуы» мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 2009 жылғы 3 шілдеде құрылды.
«ҚТЖ» ҰК қызметкерлері 2006 жылы General Electric американ компаниясымен уағдаластық жасағаннан кейін, аймақтың климаттық ерекшеліктерін, рельстік төсемін, тасымалданатын жүктердің ерекшеліктерін, қазіргі экологиялық талаптарды және санитарлық нормаларды ескере отырып қазақстандық тепловоз сай болатын техникалық сипаттама әзірлей бастады. Атқарылған жұмыстардың нәтижесі: Қазақстанда жиналған ТЭ33А - Evolution сериялы бесінші ұрпақты бірінші жүк магистарльды бір секциялы тепловоздың тұсау кесері 2009 жылғы 7 желтоқсанда болып өтті. Бүгінгі күнде кәсіпорын конвейерінен ТЭ33А локомотивтерінің 180 бірлігі шықты. Зауыттың жобалық қуаты жылына 100 жүк магистарльды локомотивтерді құрайды. «ЛҚЗ» АҚ 2012 жылдың мамыр айынан бастап толық қуатына көшті – айына 8 тепловоз.
Электровоз құрастыру зауыты
2012 жылғы желтоқсан айында ҚР Президентінің, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, Alstom, «Трансмашхолдинг» ЖАҚ басшылықтарының және ТМД елдерінің теміржол әкімшілігі басшыларының қатысуымен электровоздарды құрастыру зауыты салтанатты түрде ашылды. Кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаттылығы 100 ауыспалы тоқтағы KZ8A магистралды жүк электровоз бен ауыспалы тоқтағы KZ4AТ жолаушылар электровозын, өндірістік объектінің жалпы көлемі аумағымен қоса алғанда 7,5 Га құрайды. Өндірістік үй-жайлардың көлемі - 27 522 м2, әкімшілік-тұрмыстық корпус көлемі 3.500 м2. Зауыт жұмысшыларының толық қуаттылығы кезіндегі жалпы саны – 650 адам. Жұмыс істейтін кәсіпорындармен барынша кооперация жасау және көліктік-машина құрылысы кластеріне интеграция жасау мақсатында зауыт «Астананың индустриалды паркі» арнайы экономикалық аумағында орналасқан, ол сондай-ақ кәсіпорынға салықтар мен кедендік баждарды төлеу бойынша жеңілдіктер береді.
«Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойыздарын құрастыру зауыты
2011 жылы Астана қаласында ТМД елдерінде баламасы жоқ «Тұлпар-Тальго» жолаушылардың жүрдек вагондарын шығаратын зауыт салынды. Оның құрылысын «ҚТЖ» АҚ мен «Patentes Talgo» испандық компаниясы бірлесіп жүргізді. Жоба ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен үдемелі индустриалды-инновациялық мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған. Өндіріс ғимаратының жалпы көлемі 31 мың шаршы метрді құрайды. Зауыттың жылдық өндірістік қуаттылығы – 150 вагон. «Тұлпар-Тальго» вагондарының өндірісінде сапаның Еуропалық стандарттарына сәйкес қазіргі заманғы озық технология мен материалдарды пайдалану нәтижесінде сағатына 200 шақырым жылдамдыққа жетуге мүмкіндік туды. Вагондарды пайдалану мерзімі - 40 жыл.
Ақтөбе рельсарқалық зауыты
ҚР Үкіметінің 2014 жылдың 24 ақпанындағы №126 Қаулысына сәйкес «Ақтөбе рельсарқалық зауыты» ЖШС-нің «Ақтөбе қаласында жобалық қуаты жылына 430 000 тонна рельсарқалық зауытының құрылысы» жобасы «Қазақстанның Индустрияландыру картасына» енгізілді. 2014 жылдың нәтижелері бойынша «АРБЗ» ЖШС «Жылдың ең үздік индустриалдық жобасы» номинациясында ҚР Президентінің «Алтын Сапа» арнайы сыйлығының иегері атанды.
«АРБЗ» ЖШС-нің өнімі: ұзындығы 120 м дейінгі Р-65 рельстері, орта пішінді илек. Зауыт қызметінің негізгі бағыты – жоғары жылдамдықты теміржол магистральдерін салуға арналған рельстер шығаруды ұйымдастыру және де отандық кәсіпорындарды әлемдік стандарттарға сай келетін жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету. Зауыттың жобалық қуаты – 430 мың тонна дайын өнім, оның ішінде 200 мын тонна рельс және 230 мың тонна пішінді илек, қазақстандық нарықтың қажеттіліктерін толықтай қамту және экспорттық жабдықтауларды жүзеге асыру жоспарланған. Зауыт шығаратын 120-метрлік жоғары ұзындықты рельстердің ТМД аймағында баламасы жоқ және олар жоғары жылдамдықты магистральдарға арналған.
Райхан Бауыржанқызы
Жолаушылар тасымалы
24.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда танымал туристік бағыттарға 20% жеңілдік ұсынады
Әлемде
24.06.2026
Stadler мен ARST әлемдегі алғашқы тар табанды коммерциялық сутегі пойызын таныстырды
Жаңалықтар
24.06.2026
Көлік полицейлері «Нұрлы жол» вокзалында мерекелік концерт ұйымдастырды
Әлеумет
24.06.2026
Семейлік теміржолшылардың балалары Бурабайға жол тартты
Жүк тасымалы
24.06.2026
Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалы рекордтық көрсеткішке жетті
Жаңалықтар
24.06.2026
Мемлекет басшысының Бельгияға сапары аясында көлік саласында жаңа келісімдер жасалды
Жаңалықтар
24.06.2026
Ақтау порты 7 метрге дейін тереңдетіледі
Әлеумет
23.06.2026
Ұжымдық шарт игілігі: Теміржолшылар демалыс кезінде шипажайларға жеңілдікпен жолдама алады
Аймақтар
23.06.2026
Сыр өңірінде жүк тасымалы жаңа деңгейге көтерілді
ҚТЖ келбеті
23.06.2026
Семейлік инженер халықаралық тәжірибе жинақтады
Станция тынысы
23.06.2026
Махаббат станциясы
Спорт
23.06.2026
Қызылордалық теміржолшылар ракетка шеберлерін анықтады
Спорт
23.06.2026
Жамбылдық теміржолшылар бильярдтан Кәсіподақ кубогін сарапқа салды
Жаңалықтар / Мұрағат
23.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №48 23 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
22.06.2026
Қазақстанның көлік саласына инвестициялар
Жаңалықтар
22.06.2026
Брюссельде Еуропа мен Азия арасындағы негізгі маршруттың болашағы талқылануда
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚМГ мен ҚТЖ мұнай өнімдерінің логистикасына цифрлық бақылау енгізді
Инфрақұрылым
22.06.2026
Талдықорған теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
22.06.2026
ҚТЖ халықаралық көлік дәліздері үшін LTE-R бірыңғай цифрлық желісін құрады
Қауіпсіздік
22.06.2026
Теміржолшылар төтенше жағдайға қаншалықты дайын?