Шеберлік сабағын өткізуде  

Жаңалықтар
10.01.2017, 11:35
Оқуға 3 мин
  Семей вагон пайдалану депосының аға вагон қараушысы Бекболат Мұстафин басшылықтың сұрауымен жастар арасында өз білім-тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі түсінікпен айтқанда «мастер класс» өткізуде. Бекболат Мұстафиннің темір жол саласына келгеніне 30 жылдан асып барады. Алғашқы еңбек жолын пойыз құрастырушысы болып бастаған бүгінгі жігіт ағасы кейіннен вагон қараушысы қызметіне ауысып, тапжылмастан 24 жол бойы ВЧД-23 мекемесінде қызмет атқарып келеді. Өткен 2015 жылы вагон арбасының бүйір рамасының 10 ақаулығын тауып, бөлімше бойынша жыл рекорд орнатқан болатын. Бұл қырағылығы басшылық тарапынан ескеріліп, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал биылғы жылы аға вагон қараушысы дәл осы бүйір рамасының 7 кінәратын тауып, тағы да үздік атанды. –Бүйір рамасының ақаулығы көп жағдайда зауыттың кінәсінен орын алады. Күрделілігі сол, анықтауға қиын, көзге ілінбейтін тұстардағы сызат кейіннен жарықшаққа айналып, оның соңы апатқа әкелуі мүмкін, – дейді тәжірибелі аға вагон қараушы. Бекболат Қапанұлының кәсіби тұрғыдан бөлісері көп. Оның бұлжымас міндеті бойынша пойызды қарсы алған вагон қараушысы бірінші кезекте вагоннан шығатын дыбысқа құлақ түруі керек. Дөңгелек білігінде немесе жақтау рамасында жарықшағы бар вагондардың жүріс кезіндегі дыбысы өзгерек болады. Одан соң вагонның сыртқы тұрпатына мұқият көз тіккен жөн. Ақаулығы бар жүк тиелген вагондар көп жағдайда бір бүйіріне қарай сәл қиғаштай қисайыңқырап тұрады. –Мұнымен қатар әрбір қызметкерде ұлғайтқыш әйнек лупа, қалам мен шағын қойын дәптер, арнайы айна және тәуліктің жарық мезгілінде де қол фонары болуы міндетті, – дейді Бекболат Мұстафин. – Сондай-ақ, әр вагон қараушысы орталықтан жіберілетін жеделхаттар деректерін мұқият қаперде ұстағаны жөн. Мәселен, айталық 6333 нөмірлі бүйір рамасының сынғаны туралы хабар келіп түсті ме, дәл осы нөмірлі бөлшекке аса мұқият болу қажет. Себебі, олардың барлығы да зауыттан бір партиямен шығатындықтан сенім жоқ. Мұндай бөлектер көбінесе аязды күндері сыр береді. Бекболат Қапанұлы әр вагон тексеруші осыған дейін сыр берген бүйір рамаларының нөмірлерін жатқа білу қажет деп санайды. Сонымен қатар, маманның пікірінше, тәжірибелі вагон қараушылардың бойында интуиция қалыптасады екен. Мысалы, көп ретте ақауы бар вагондардың өзіне тартып тұратынын айтады. Бұл – тылсым жайт. Аға вагон қараушысы жаңа толқын әріптестері арасында осындай жайттарды  әңгімелеп берді. Айтуынша, тәжірибелі вагон қараушылар норматив бойынша небары 1 минут  20 секунд ішінде бір вагонды толық сүзіп шыға алады. Әрине, мұндайда уақытқа емес, бірінші кезекте тексеру жұмыстарының сапасына мән берілуі тиіс.         Айта кетерлігі, тәжірибелі мамандардың мұндай шеберлік сабақтары  мен семинарлар осыған дейін де өткізілген болатын. Бұл жолы Бекболат Қапанұлы басшылықтың ұйғарымы бойынша желі бойына шығып, техникалық күтім бекеттерінде шеберлік-сыныбын өткізуде. Мәселен, өткен жылдың соңғы күндері екінші сыныпты Дегелең станциясынан іссапардан оралды.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Әлеумет
12.10.2026
ҚТЖ магистральдық желі қызметкерлері үшін 80 модульдік ғимарат орнатты
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға пойызда қандай жағдай жасалған?
Аймақтар
12.10.2026
Кәсіподақ қызметіне баға берілді
Жаңалықтар
12.10.2026
ҚТЖ-ның 400 астам локомотивті Тrip Optimizer зияткерлік жүйесімен жарақтандырылды
Жаңалықтар
12.10.2026
«Жолаушылар тасымалы» қызметкерлері Кәсіподақ күні қарсаңында марапатталды
Жолаушылар тасымалы
12.10.2026
Пойыздағы сапарыңызды жайлы ететін бес зат
Жаңалықтар
12.10.2026
Жамбыл теміржолшылары Кәсіподақ күнін боулинг жарысымен атап өтті
Инфрақұрылым
12.10.2026
Немістің логистикалық компаниясы Орта дәліз бойында 14 терминал салуды жоспарлап отыр
Инфрақұрылым
12.10.2026
Астана-1 вокзалындағы негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті