«Қазақстанның даму тарихы – менің тарихым» атты викториналық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Жаңалықтар
29.09.2021, 10:00
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Биыл қыркүйектің 20-29 аралығында «Қазақстан теміржолы» ҰК» АҚ-да «Қазақстанның даму тарихы – менің тарихым» атты викториналық байқау өткізілді. Арнайы байқау Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Құрметті теміржолшы, ҚР тұңғыш көлік министрі, қоғам қайраткері Нығметжан Есенғариннің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған, деп хабарлайды Rail-news.kz. Викторина мақсаты – еліміздің даму тарихы мен тәуелсіздік құндылықтарын насихаттау. Оның шарты бойынша викторинаға қатысушы 25 сауалға жауап берді. Сайыс сұрақтарына жауап берген әрбір қатысушы аты-жөні мен телефон нөмірін және электронды поштасын жазып қалдырды. Викторинаға қатысушылар жауабы 20-26 қыркүйек аралығында жіберіліп, байқау комиссиясы ұсынылған жауаптарды екшеп, олардың ішінде дұрыс және ерте жауап бергендерді іріктеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға 220 адам қатысқан. Комиссия шешіміне сай I, II және III орындар анықталды. Сонымен ең дұрыс жауапты бірінші болып жеткізген «ҚТЖ» ҰК» АҚ» – «Астана темір жол вокзал кешені» филиалының технологиялық процесті ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ғалия Нүскеева жеңімпаз болып танылса, екінші орынды Көп функционалды қызмет көрсету орталығынан персоналды дамыту тобының қызметкері Аягөз Темірова алды. Ал үшінші орынға Қарағанды магистральдық желілер бөлімшесінің қыз- меткері Сапар Жазыбаев лайық деп танылды. Сонымен қатар комиссия шешімімен ынталандыру сыйлықтарына «Қала маңы тасымалы» АҚ қызметкері Азамат Айтенов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ» – «Астана темір жол вокзал кешені» филиалының қызметкері Ертужан Құлыбаев ие болды. Жеңімпаздардың барлығы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады.  

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті