«Маңғыстау – Алматы-2» жолаушылар пойызы су жаңа вагондармен рейске шықты

Любовь Ровба

Корреспондент газеты «Қазақстан теміржолшысы»

Кеше Маңғыстаудан Алматыға қатынайтын №77/78 «Маңғыстау – Алматы-2» жолаушылар пойызы жаңа вагондармен алғашқы рейске шықты. Осыған орай Маңғыстауға арнайы барған «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры Петер Штурм мен түбек теміржолшылары, облыс тұрғындары және БАҚ өкілдері жаңа вагондармен жасақталған пойызды Маңғыстау станциясынан Алатауға қарай шығарып салды. Екі өңірдің арасындағы темір жолдың ұзындығы 2812 шақырымды құрайды, бұл еліміз бойынша ең ұзын бағыт болып есептеледі. Сондықтан бұл аралықта жайлы әрі жылдам қозғалыстың маңызы өте зор. Расымен жаңа вагондардың жайлылығы мінген жолаушыны қуантады. Су жаңа вагондар ауа баптау жүйесімен, ауаны зарарсыздандыруға және тазартуға арналған сүзгілермен жарақталған. Бейнебақылау, өрт сөндіру жүйесімен және әр- бір вагондағы су қорымен жабдықталған. Купе мен дәліздерде кернеуі 220В болатын 2 электр розеткасы және ұялы телефондарды қуаттауға арналған 2 USB порты орнатылған. Сонымен қатар әр вагонда тоңазытқыш, микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері және ыстық су титаны бар. Әр купе есігі магнит карталары арқылы ашы- лады. Осы вагондармен алғаш сапарға шығатын жолаушылардың да қуанышында шек жоқ. Олар мынадай жайлы вагонмен алыс жол қысқарып, Алматыға дейін пойыз үстіндегі күндер жайлы саяхат боларына сенімді. женские вагоны Вагондар мемлекеттік «Нұрлы жол» инфрақұрылым- ды дамыту бағдарламасы аясында сатып алынды және Тверь вагон жасау зауытының технологиясы бойынша «Тұлпар» зауытында құрастырылыпты. Вагондарды сатып алуды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ қаржыландырды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2010-2021 жылдары 1153 вагон, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша 141 вагон сатып алған еді. Соның ішінде фирмалық «Маңғы- стау – Нұр-Сұлтан» пойызы – 33, «Маңғыстау – Алматы-2» пойызы – 90, «Атырау – Маңғыстау» пойызы 18 вагонмен жаңартылды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ-да 2020-2029 жылдарға арналған стратегияға сәйкес 500-ге жуық жолаушылар вагонын сатып алу көзделген. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдарды отырғызуға және түсіруге арналған арнайы орын- дары мен көтергіш құрылғылы вагондар да бар. Тағы бір айта кетерлігі, бұл бағыттағы пойыздар- дың жүру уақыты биыл желтоқсаннан бастап 2,5 сағатқа қысқарады және алдағы уақытта жүрдек Тальго пойызын осы бағытта шығару жоспарда бар.

Аймақтар
06.10.2026
Өндірістегі он күн: болашақ теміржолшылар тәжірибе жинады
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолдың төл тарихын жасағандар
Аймақтар
06.10.2026
Қарттарым – қазынам: теміржол ардагерлері бас қосты
Аймақтар
06.10.2026
Үлкенге құрмет – ұрпаққа міндет
Аймақтар
06.10.2026
Теміржолшы еңбегі елеусіз қалмайды
Жаңалықтар / Мұрағат
06.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №79 06 қазан 2026 жыл
Инфрақұрылым
05.10.2026
Алтынкөлге апаратын теміржол желісінде екінші жол іске қосылды
Аймақтар
05.10.2026
Павлодар облысында Ақсу-2 станциясы вокзалын жаңарту аяқталды
Инфрақұрылым
05.10.2026
Қазақстанда тағы 800 шақырым теміржол салынып жатыр
Жаңалықтар
05.10.2026
Ақтау портында теңіз түбі 7 метрге дейін тереңдетіледі
Жүк тасымалы
05.10.2026
Қазақстан мен Беларусь арасындағы теміржол тасымалы 19 пайызға өсті
Жүк тасымалы
05.10.2026
Дүниежүзілік банк: Транскаспий дәлізі елдерінің экономикасы 3,3 пайызға өсуі мүмкін
Әлемде
05.10.2026
Ауғанстанда «Хаф – Герат» теміржолының 43 шақырымдық учаскесі пайдалануға берілді
Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді