Бірыңғай цифрлық терезе – бірегей жоба

Цифрландыру
11.11.2025, 09:45
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«Қазақстан темір жолы» компаниясы сандық жүйеге белсенді көшуде. Сәтті жүзеге асырылған жобалар қатарында жүк жөнелтушілерге арналған «Бірыңғай цифрлық терезе» жобасына айрықша тоқталып өтпекпіз.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы «KTZ Express» АҚ төл өнімі болып табылатын бұл жоба – ұлттық тасымалдаушыны заманауи логистикалық компанияға айналдыру бағытында уақыт талабына толық жауап беретін ілкімді жоба. Компания мамандары Мемлекет басшысының ҚТЖ-ны теміржол тасымалдаушысынан қазіргі заманғы көлік-логистикалық компанияға трансформациялау туралы Жарлығы мемлекеттік деңгейде белгіленген стратегиялық бағыт болғанын айтып отыр. Ал бұл ауқымды бағыт тек технологиялық өзгерістерді ғана емес, клиенттермен және серіктестермен өзара әрекеттесудің барлық логикасын қайта қарауды қажет етумен қатар барлық негізгі қызметтерді біріктіретін ашық, жылдам және тиімді коммуникацияны қамтамасыз ететін платформа қажет еткен. Міне, осылайша, онлайн-сатып алуды рәсімдеу сияқты логистикалық қызметке тапсырыс беруге ыңғайлы цифрлық орта – «Бірыңғай цифрлық терезе» құру бастамасы пайда болған. Бұл жүйе кедергілерді, қағазбастылық бюрократиясын жоюға және пайдаланушыға жаңа деңгейдегі қызмет ұсынуға бағытталған. Жаңа форматтың клиенттермен өзара әрекеттесуінің бұрынғы модельдерден айырмашылығына келсек, ол орталықтандырылған, ашық және толық цифрландырылған.  

Бұрын темір жолмен жүк тасымалдау қызметін алу үшін клиент әртүрлі құрылымдарға жүгінуге мәжбүр болды: «ҚТЖ» тобының әрбір еншілес активі – мейлі ол тасымалдаушы, вагон операторы немесе экспедитор болсын – өзінің байланыс арналары, өзінің құ жат айналымы болды. Сол деректерді әртүрлі мекенжайларға қайталап жіберу, жауаптарды пошта немесе телефон арқылы күту керек болды, ал кейбір құжаттарға тек қағаз түрінде қол қою керек болды. Мұның бәрі уақытты қажет етіп, қосымша әкімшілік жүктеме тудырды. Ал бүгінгі жаңа жүйе барлық негізгі қызметтер бір жерде шоғырланған бірыңғай цифрлық интерфейсті ұсынып отыр, яғни процестер стандартталған, автоматтандырылған және ашық. «Бұл жай ғана бір әдеттегі сайт емес, бұл клиентке бағытталған және «бір терезе» қағидаты бойынша құрылған жаңа буынның цифрлық платформасы», – дейді мамандар.  

Бүгінде клиент тасымал қызметіне цифрлық форматта өтініш беріп, коммерциялық ұсыныс ала алады, келісімшарт жасай алады, сондай-ақ құжаттарының мәртебесін қадағалап, кеңес те алады. Резиденттер үшін де, бейрезиденттер үшін де шарттарға қол қою мүмкіндігімен электрондық қолтаңбаны енгізу маңызды технологиялық жаңалық болды. Бұл халықаралық серіктестермен өзара әрекеттесуді жеңілдетті, енді келісімдер жасау үшін кеңседе болу қажет емес, бәрі қашықтан рәсімделеді. Сондай-ақ аталған қызметтің eGov Business мобильді қосымшасына интеграциялануы ыңғайлылықты едәуір арттырып, кез келген уақытта және кез келген жерден қосылып, өзара әрекеттесуді қолжетімді етіп отыр.

Бұл жобаға «ҚТЖ» компаниясы тобының «KTZ Express», «Қазтеміртранс», «Кедентранссервис» АҚ-ларымен қатар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС сынды қатысушылары тартылған. Оларды біртұтас цифрлық кеңістікке біріктіру үшін көптеген ішкі бизнес-процестерді қайта қарап, оңтайландыру қажет болған. Осы арада өзара іс-қимылдың негізгі кезеңдері, өтінім беруден бастап шартқа қол қоюға дейін үдерістің біріздендірілгенін атап өткен жөн. Яғни «Өтінім – келісу – қол қою» стандарты енгізіліп, құжаттарды электрондық келісу және цифрлық логика орнатылған. Енді клиент көптеген әртүрлі құрылымдармен емес, барлық еншілес активтердің жұмысын үйлестіретін бірыңғай жүйемен өзара әрекеттеседі. Бұл барлық кезеңдерде бақылауды қамтамасыз етіп, қызмет сапасын жақсартады және уақытты үнемдейді.  

Шын мәнінде «ҚТЖ» компаниялар тобының жүйелерін біріктіру – маңызды жұмыс. Мамандар бұл күрделі кезеңнің бірі болғанын айтады. Өйткені әрбір еншілес ұйымның өзіндік ИТ-инфрақұрылымы, цифрлық шешімдердің әртүрлі жетілу дәрежесі, бизнес-процестердегі айырмашылықтары бар еді.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компанияларының үйлесімді іс-қимылдары, мамандардың жоғары біліктілігі және цифрлық жобаларды іске асыруда жинақталған тәжірибелері, процестерді біріздендіру және синхрондау бойынша ауқымды жұмысты табысты іске асыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде бірлескен күш-жігермен барлық жүйелер толыққанды функционалдығы бар бірыңғай цифрлық кеңістікке біріктірілді.  

Клиенттерді шұғыл қолдауды қамтамасыз ету үшін тегін қоңырау шалу мүмкіндігі бар 1462 қысқа номерлі орталықтандырылған байланыс-орталығы да ашылыпты. Бұл өтініштерді өңдеуді едәуір жеделдетіп, қызмет көрсету сапасын жақсартқан. Қосымша сөйлеуді тану технологиясы енгізіліпті: демалыс және мереке күндері келетін дауыстық хабарламалар автоматты түрде мәтінге түрлендіріліп, өңдеуге жіберіледі екен. Осылайша, жылдың басынан бері цифрлық жүйе арқылы 2 800-ден астам шарт жасалып, байланыс орталығы 20 000-нан астам өтінішті өңдеген.  

Платформада Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, Қытайдан, Ресейден, Беларусьтен, Грузиядан, Түркиядан, Еуропа елдерінен ірі ойыншыларды қоса алғанда 1150-ден астам ұйым тіркелген. Олар экспедиторлар, жүк жөнелтушілер, өндіріс секторының өкілдері, импорттаушылар мен дистрибьюторлар. Алайда, платформа қазіргі қызметімен шектеліп қалмақ емес. Негізгі басымдық – қызмет көрсету аясын кеңейту және логистикалық тізбектің жаңа қатысушыларын тартуға беріліп отыр. Жыл соңына дейін «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» АҚ, «Құрық порты» ЖШС, «Көлік сервис орталығы» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалдары – «Бас есептеу орталығы» және «Магистральдық желі дирекциясы» сияқты құрылымдарды қосу жоспарлануда. Бұл теңіз және теміржол логистикасындағы сервистерді цифрлық қамтуды кеңейтуге және оларға бірыңғай интерфейс арқылы неғұрлым ыңғайлы қол жеткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.  

ҚТЖ мамандары бұл цифрлық ортаның дамуын 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоба ретінде қарастырып, «ҚТЖ» тобының барлық коммерциялық сервистерін онлайн-форматқа – бірінші сұрау салудан бастап мәмілені жабуға дейін толық аударуды жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде жүйе қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді. Алдағы уақыт еншісінде қытай және түрік интерфейстерін дамыту бар. Бұл халықаралық нарыққа масштабтау үшін берік негіз жасаумен қатар шетелдік клиенттермен өзара әрекеттесуді жеңілдете түспек.

 

Жаңалықтар
25.08.2026
Бурабай курортының теміржолшысы 100 жылдық мерейтойын атап өтті
Жаңалықтар
25.08.2026
ҚТЖ жаңа жылыту маусымына 19,5 млн тоннадан астам көмір жеткізді
Инфрақұрылым
25.08.2026
Алпыс сағаттық ауқымды жұмыс
Аймақтар
25.08.2026
Үздік жолшылар ұжымы – Құлсарыда
Аймақтар
25.08.2026
Қызылордалық теміржолшылар жүк тасымалын табысты үйлестіріп отыр
ҚТЖ келбеті
25.08.2026
Қауіпті ақауды дер кезінде таныған маман
Әлеумет
25.08.2026
Ізгі дәстүр: Теміржолшылар бірінші сыныпқа баратын балаларға қолдау көрсетті
Аймақтар
25.08.2026
Ұрлық түбі – қорлық
Жаңалықтар / Мұрағат
25.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №67 25 тамыз 2026 жыл
Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жүк тасымалы
24.08.2026
Елімізде теміржол транзитін автоматтандыру аясы кеңейді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды