Stadler вагондары Қазақстанның солтүстігіндегі климаттық сынақтардан сәтті өтті

Астанадағы «Штадлер Қазақстан» ЖШС зауытында өндірілген жолаушылар вагондары еліміздің солтүстік өңірінде арнайы климаттық сынақтан өткізілді, деп хабарлайды Rail-news.kz

Сынақ барысында жылыту жүйесінің тиімділігі мен ауа айналымының көрсеткіштері тексерілді. Нәтижесінде вагондар климаттық сынақтан сәтті өтіп, сырттағы ауа температурасы –10 °C және одан төмен болғанда да, купе ішіндегі ауа температурасы +22 °C деңгейінде тұрақты сақталды.

Жаңа Stadler вагондарының әр купесі жолаушылардың жеке жайлылығын қамтамасыз етуге арналған заманауи басқару панелімен жабдықталған. Бұл жүйе арқылы жолаушы температура мен жарықты өз қалауына қарай реттей алады, ал қажет болған жағдайда бір батырманы басып жолсерікті шақыра алады.

Вагондардың инженерлік шешімдері оларды –50 °C-тан +45 °C-қа дейінгі температура аралығында пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл үшін қосымша жылу оқшаулағыш материалдар қолданылып, қуатты жылыту және желдету жүйелері орнатылған, сондай-ақ дизельді қозғалтқыштарға арналған алдын ала жылыту құрылғылары қарастырылған.

Биыл қыркүйек айында Stadler жолаушылар вагондары Кеден одағының техникалық регламенті ТР ТС 001/2011 талаптарына сәйкес сертификаттаудан өте бастады. Бұған дейін вагондар елдің оңтүстік және шығыс өңірлерінде 10 000 шақырымнан астам сынақтық бағыттарды еңсеріп, тежеу жүйесінің, жүріс бөлігінің және негізгі қауіпсіздік элементтерінің сенімділігін дәлелдеді.

Қазақстанда өндірілген алғашқы вагондар 2025 жылдың желтоқсан айында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға тапсырылады. Сонымен қатар, Stadler компаниясы жылжымалы құрамға 20 жылдық сервистік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Жалпы келісім бойынша 2030 жылға дейін 557 вагон өндіру жоспарланған.

Инфрақұрылым
22.09.2026
ҚТЖ Бейнеу бағытында автоматика жүйесін жаңғыртуда
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ 150 мың тонна болат құбырды мультимодальды бағытпен тасымалдайды
Жаңалықтар
22.09.2026
ҚТЖ локомотив бригадаларының біліктілігін арттыруда
Трансформация
22.09.2026
SAP жүйесі: ҚТЖ үшін озық цифрлық шешім
Аймақтар
22.09.2026
Семейде тәулігіне кемі 350 вагон көмір тиелуде
Станция тынысы
22.09.2026
Шиелі станциясы өндірістік жоспарды межеден асыра орындады
Аймақтар
22.09.2026
Шу локомотив пайдалану депосында студенттерге «Ашық есік күні» өтті
Қауіпсіздік
22.09.2026
Астана жол дистанциясы оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Спорт
22.09.2026
«Теміржол қалқаны» – жеңімпаз
Спорт
22.09.2026
Жігіттердің осалы жоқ
Жаңалықтар / Мұрағат
22.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №75 22 қыркүйек 2026 жыл
Жүк тасымалы
21.09.2026
ҚТЖ астық штабы Қостанай мен Көкшетауда биылғы егінді шығаруды талқылады
Әлемде
21.09.2026
Аргентинада күн энергиясымен жүретін пойыз іске қосылды
Әлемде
21.09.2026
Үндістан Африка теміржол нарығындағы үлесін арттырып келеді
Жаңалықтар
21.09.2026
Машинист далада жалғыз қалған төрт жасар баланы тапты
Әлемде
21.09.2026
KORAIL Тәжікстан метросын дамытуға көмектеседі
Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады