Бейнеттен зейнетке бастар жол...

Жаңалықтар
11.11.2025, 09:12
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Сұлугүл Бакесова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Өткен аптаның соңғы жұмыс күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығының» ұжымы темір жолда 40 жылдан астам уақыт еңбек еткен Алмагүл Оңғарованы зейнет демалысына шығарып салды.

– Бүгін біз бір жағынан қуаныш, бір жағынан сағынышпен әріптесіміз Алмагүл Тасболатқызын зейнетке шығарып салып жатырмыз. Сіз кәсіби біліктілігіңіздің арқасында жүктелген міндеттердің абырой биігінен көрініп, компания үшін аянбай еңбек еттіңіз. Енді көпжылғы еңбегіңіздің зейнетін көргелі отырсыз. Сізге мықты денсаулық, отбасы амандығын, немерелердің қызығын көруді тілейміз, – деп ізгі тілегін білдірді Орталық директоры Бақытжан Қаңлыбаев.  

Алмагүл Оңғарова алғаш еңбек жолын 1982 жылы сол кездегі Батыс Қазақстан темір жолына қарасты Қазалы станциясындағы 4-ші жол дистанциясында жол өлшегіш операторы болып бастады. 2000 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Инфрақұрылым департаментінің бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді.  

2011 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы Бухгалтерлік есеп департаментіне қарасты Бухгалтерлік есептілік құрастыру жөніндегі басқарманың салық есебі бөлімін басқарса, «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» құрылғаннан кейін 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Салық есептілігі департаментінің бас менеджері болып тағайындалады. Бұл департаментте ол бүгінгі күнге дейін «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияны құруға жауапты болды. Әріптестері бұл міндеттің аса күрделі әрі жауапты шаруа екенін, бірақ әріптестері Алмагүлдің оны мінсіз орындап, кәсібиліктің жарқын үлгісін көрсете білгенін атап өтті.  

Салтанатты жиында кейіпкерімізге көптеген алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар, гүл шоқтары табыс етілді. Олардың арасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Аппарат басшысының құттықтау хаты да бар.  

 

Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады
Жолаушылар тасымалы
30.09.2026
ҚТЖ-ның туристік пойыздарымен 2,3 мыңнан астам жолаушы саяхаттады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтау порты контейнер тасымалын ұлғайтады
Жаңалықтар
30.09.2026
Ақтөбе вокзалында вандализмге қарсы рейд өтті
Әлемде
30.09.2026
Беларусьте алғашқы жүргізушісіз трамвай іске қосылмақ
Жаңалықтар
29.09.2026
ҚТЖ кибершабуылдарға қарсы өз AI жүйесін таныстырды
Жүк тасымалы
29.09.2026
Еліміздегі ЖЭО-ларға 41 мың вагон көмір тасымалданды
Инфрақұрылым
29.09.2026
Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы аяқталу сатысында
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстан астығы қай елдерге жөнелтіліп жатыр?
Жүк тасымалы
29.09.2026
Қазақстанда астық тасымалы 13-ға өсті%
Аймақтар
29.09.2026
Атырау теміржолында қай учаскелер аса қауіпті?
Трансформация
29.09.2026
Екі адамның жұмысын енді бір теміржолшы атқарады. Қандыағашта жаңа құрылғы қолданылуда
Жаңалықтар
29.09.2026
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге өткелдердегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Жүк тасымалы
29.09.2026
Бір ғана Қызылордаға 108 вагон көмір жеткізілді
ҚТЖ келбеті
29.09.2026
Абырой биігіндегі алпыс
Әлеумет
29.09.2026
Теміржолшы жастар инклюзияны қолдауға атсалысты
Жаңалықтар / Мұрағат
29.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №77 29 қыркүйек 2026 жыл
Трансформация
28.09.2026
Теміржолдың болашағы Берлинде таныстырылды
ҚТЖ келбеті
28.09.2026
«Үздік еңбек әулеті» – Аягөзде
Жаңалықтар
28.09.2026
Теміржолшылар «Мөлдір бұлақ» акциясына атсалысты