«Stadler Қазақстан» зауытында жаңа үлгідегі вагондар өндірісі іске қосылды

Астанада орналасқан «Штадлер Қазақстан» ЖШС зауытында теміржол инфрақұрылымын жаңғырту мақсатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға арналған жолаушылар вагондарының жүйелі өндірісі іске қосылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

2030 жылға дейін жүзеге асатын жоба аясында 557 бірлік техника жасау жоспарланған. Олардың қатарында купе, плацкарт, ерекше қажеттіліктері бар жолаушыларға арналған арнайы вагондар және генераторлы вагондар бар.

Ұлттық тасымалдаушы басшылығы өндіріс орнында болып, зауыттың жұмыс үдерісімен толық танысты. Олар дайын вагон корпустарын көріп, барлық цехтардың жұмысын бақылады.

Қазіргі таңда 400-ден астам қызметкер жұмыс істейтін зауытта толық технологиялық цикл жолға қойылған. Атап айтқанда:

• Вагон корпустарын дәнекерлеу және бояу

• Электрлік компоненттерді құрастыру

• Тележкаларды жасау және орнату

• Вагонның ішкі жабдықтарын орнату

• Қызметке шығар алдында статикалық және динамикалық сынақтар жүргізу

Соңғы екі жылда кәсіпорын ауқымды жаңартудан өтіп, заманауи өндіріс технологиялары енгізілді, сондай-ақ, жергілікті мамандар даярланып, өндірістің деңгейі айтарлықтай артты.

Stadler шығарған купелік вагондар 40 жолаушыға арналған жайлы жатын орындармен қамтамасыз етіледі. Олар заманауи климаттық бақылау жүйесімен, бейнебақылаумен, электрлік жылыту құрылғыларымен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады.

Жолаушылардың жайлылығы үшін әрбір купеде электр розеткалары мен ұялы телефондарды жол бойы қуаттауға арналған USB-порттар орнатылады.

Жаңа пойыздардың ерекшеліктерінің бірі — сыртқы келбетінің мемлекеттік тудың көк, сары және ақ түстерінде жасалуы. Бұл шешім Қазақстанның ұлттық болмысын және рәміздік мәнін айшықтай түседі.

Жаңа вагондар Қазақстанның климаттық ерекшеліктері мен елді мекендер арасындағы ұзақ қашықтықтарды ескере отырып арнайы әзірленеді.

Келісімшартқа сәйкес, биылдың өзінде алғашқы 51 вагон «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға беріледі. Бұған қоса, зауыт осы вагондарға 20 жыл бойы техникалық қызмет көрсетуді міндетіне алып, олардың тұрақты жұмысын және ұзақ мерзімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

 

Аймақтар
26.09.2026
Жезқазғанда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
26.09.2026
Автоматика жүйесін жаңғырту жалғасуда
Аймақтар
26.09.2026
Желі бойында жүйткіген «жедел жәрдем»
Жаңалықтар
26.09.2026
ҚТЖ Әзірбайжан халықаралық инвестициялық форумында ТХКБ-ны дамыту перспективаларын ұсынды
Қауіпсіздік
26.09.2026
Ақтөбе бөлімшесінде 115 теміржол нысаны тексерілді
Жаңалықтар
26.09.2026
Тәжірибелі тәлімгер тағылымы
Қауіпсіздік
26.09.2026
13 бас малды қағып кетті
Аймақтар
26.09.2026
Таразда болашақ теміржолшыларға қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
Аймақтар
26.09.2026
Мыңнан астам қызметкер формалық киіммен қамтылды
Әлеумет
26.09.2026
Инклюзия күні: теміржолшылар ерекше балалармен баскетбол алаңында кездесті
Жаңалықтар / Мұрағат
25.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №76 25 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстандық делегация Бейжіңнің Оңтүстік вокзалының жұмыс тәжірибесін зерттеп білді
Жүк тасымалы
24.09.2026
«Теміржолсу» нысандарды қысқа дайындауды аяқтауда
Жаңалықтар
24.09.2026
Астана-1 вокзалы қайта жаңартудың соңғы кезеңінде
Әлемде
24.09.2026
Еуропалықтар соңғы он жылда алғаш рет автобусқа қарағанда пойызбен жиі қатынаған
ҚТЖ келбеті
24.09.2026
58 жылдан кейінгі кездесу
Спорт
24.09.2026
Теміржолшылар мерейтой иесіне турнир арнады
Жаңалықтар
24.09.2026
Қазақстан ТХКБ-дағы контейнер тасымалын төрт есеге арттырмақ
Әлемде
24.09.2026
Вьетнам Siemens Mobility компаниясынан жүрдек пойыздар сатып алады
Жүк тасымалы
23.09.2026
KTZ Express Үндістанға жасымық жөнелтті